👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  44


Автор:  Жанар Ешназар

Ессіз болса серігің

Ессіз болса серігің,
Жәй сөзіңді ұқпайтын.
Айналарсың зұлымға,
Аузың-аузыңа жұқпайтын.
Жаны ашымас адаммен,
Бірге өмір сүргенмен,
Өмір саған шыңырау,
Зындан болар шықпайтын.

Есі жоқпен бір жүрсең,
Қарайтады қаныңды.
Жүнжітеді жүзіңді,
Жігеріңді, тәніңді.
Сыйла, мейлі сыйлама,
Парықсызға бәрібір.
Ақымақта мұң болмас,
Ерте ме, кеш кеміріп,
Сындырады сағыңды.
Ұмтылмаған биікке,
Ұғынбайды халіңді.
Ұғындырам дегенше,
Улап,жалмап барыңды,
Күйретеді жаныңды..
Абай бол!..


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы