Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  162


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Үлгірмей-ақ ішегіме шел жүгіріп

Үлгірмей-ақ ішегіме шел жүгіріп,
Әне-міне дегенше келді қырық.
Ертегі өмір қалды артта,
Шын өмірдің
Кермек дәмін келемін енді біліп.
Кеше бала, бозбала, жігіт шақта,
Жастық желі жүйіткіп қырық саққа,
Көзсіз кейде сүюші ем жүрекпенен,
Көбелектей күюші ем үміт – шоққа.
Бірақ әлі аманмын, дін аманмын,
Қуанғанмын, күлгенмін, жылағанмын.
Мас та болдым ләззатқа, мазақ болдым,
Көрдім бәрін – көресі сыбағамның.
Сонда маған кім екен болған медет,
Құларымда құлатпай қалған демеп.
Енді ойлаймын, жастықта кінә – кінә,
Күнәһарлық дегенің жалған ба деп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу