Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  143


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Түн

Тас төбеден үркер әлі аумай-ақ,
Самал соқты селқос тұрған тауды аяп.
Сердір шалғын арасына шық ұйып,
Сылбыр құмға жатыр құнын саудалап.
Анда-санда саңқ-саңқ еткен қырғидың
Дауысы ғана шатқалдарға ырғиды.
Ойлы аспаннан оймақтай боп бір жұлдыз
Ойнап шығып көкжиекке сүңгиді.
Мына түнге тұра алмайсың сүйінбей,
Мұндай түнді «мен тудым» деп тұр шілде.
Күн қақты құм жыбырлатты мұрынды.
Қоламтаға піскен нанның иісіндей.
Мақпал емес, мауыты емес жоқ сонда,
Бұл қандай түн, жарық та емес ақ шамдай.
Жер ошақта жанған оттың түтіні
Көрінбейді, түннің түсі тап сондай.
Бір дыбыс жоқ бұл маңайда енді артық,
Түн құшағын тоңазытты жел шалқып.
...Күрең бие құлынынан қыр жақта
Айырылып қап, кісінейді жер тарпып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу