Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  138


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Өмір, сенің айқұш-ұйқыш өлшемің

Өмір, сенің айқұш-ұйқыш өлшемің,
Өлшеміңе риза емеспін мен сенің.
Өмір, сенің шимай-шимай есебің,
Есебіңнен қайтты талай меселім.
Өмір, сенің айғыз-айғыз көйлегің,
Өйткені онда кейде рахат, кейде мұң.
Өмір, сенің ойқы-шойқы мінезің,
Мінезіңе түсінесің бір өзің.
Мен сан рет кергілестім Сенімен,
Сен сабадың...Пергілестім Сенімен.
Сен сабадың,
Сен жеңесің соңынан,
Әйелімдей өлдім-өштім Сені мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу