Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  138


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Талантсың-ау, тентексің-ау, тектісің

(композитор Нұрғиса Тілендиевке)
Талантсың-ау, тентексің-ау, тектісің,
Сенің дағы зая кетті көп күшің...
Сырың бермей, сен де кәзір сыртыңа
Күлуге де, мұңаюға ептісің.
Өткен күнге ішің удай ашитын,
Жоқ па сәтің соны ойласаң жаситын?
Шын талантты жаратқанда табиғат,
Рахатын да бір жаратса, о, шіркін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу