Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  153


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Көзімді ашып қараймын кейде өмірге

Көзімді ашып қараймын кейде өмірге,
Басымда бар жұрттағы ой менде де.
Басымда бар жұрттағы ахуал,
Артық-тыртық тұсым бар кейбір жерде.
Мен де жұрттай күліппін, өкініппін,
Мұқалып та, жұқарып, жетіліппін.
Мен де жұрттай, иә, иә, иә...
Мен де жұрттай
Болғым келер періште шаң жуытпай.
Мендей адам жоқ бірақ,
Қит еткенде
Жолдан тайып кеткенін қалған ұқпай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу