Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  152


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Жаңылдым, жаным, өмірдің көп есебінен

Жаңылдым, жаным, өмірдің көп есебінен,
Жаңылмағанда жұмбақтай көрешегім ең...
Өліп те өшіп өз жаныңды жаралағанда,
Қарағанымда нем кетті, неге сеніп ем?
Маған айтатын, махаббат бар дүние дейтін,
Әлсіз де дейтін, аяулы, өлі де дейтін.
Мұңы бар дейтін адамды мәңгі бөлейтін,
Уы бар дейтін, уыты тамды да дейтін.
Ал мен айтушы ем:
– Уысқа уыстамаған
Елесің, тәйірі, алтын ба, күміс пе маған?
Маған айтатын:
– Түсінбес махаббат мәнін
Сен екенсің деп кеудесі қуыстау адам.
Сен не істеуші едің, сол кезде мен еледім бе,
Күнімдей болдың, көзі жоқ көбелегім де.
Қатал ғой адам түспесе басына ғана,
Басынан бар ғой, басқаны тебе беруге...
Басыма түсті, басқа жан тепті басыма,
Нем кетті, саған қараған текті басыма,
Махаббат маған сен берген ұшпақ осы ма,
Ал саған оның тигізген септігі осы ма?!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу