Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  128


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Туған жерге аз күн аунап

(Жайсаңбек Молдағалиевке)
Туған жерге аз күн аунап,
Туған топырақ берді дем.
Молайғандай азын-аулақ,
Көбейгендей кем дүниең.
Туған елге бір еркелеу –
Туған жерге бір аунау.
Тірліктегі тым келтелеу,
Жалғыз рахатты ұға алмау –
Сорлылық қой, бұдан өткен
Сорлы бар ма, уһ, алла-ау?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу