Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  141


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Ертіс пен Есіл

Қара бір көздер еңіреген,
Егілсе кешу туған.
Дала бір кезде еміренген
Ертіс пен Есіл туған.
Ертіс, Есіл – екі өзен,
Екеуі де ерке өзен.
Тасыған жыл – шипа өзен,
Тасымаса – дерт өзен.
Сарыарқа жайлы мекені,
Тасиды жылда екеуі.
Қатып бір қалған шерменде –
Құяды келіп көлдерге.
Тобарсып, тозып тұрғанда
Толқын боп жетті құмдарға.
Дала сан ғасыр жасап,
Ертіс пен Есіл туған.
Тасып ап, басылмаса,
Төгіліп шашылмаса,
Өзен боп несін туған?!
Көлге құйсын, шөлге құйсын, ұрдың ба,
Тек, әйтеуір, құймаса екен құрдымға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу