Баталар ✍️

  20.11.2021
  1477


Автор: Жібек Ысқақова

Бата беру, дастарханға бата беру

Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!

Астарыңыз дәмді боп,
Көңілдеріңіз жайлансын!
Сіңімді болып асыңыз,
Ұрттарыңыз майлансын!
Шаңыраққа құт еніп,
Қиындықтар болмасын!
Бақ-береке бір келіп,
Қуаныш тапсын жалғасын!
Өмірлеріңіз жайлы боп,
Қанаттарыңыз талмасын!
Алла өзі жар болып,
Бар жақсылық орнасын!
Шырайлы, шаттық күнің боп,
Сәттілік тапсын жалғасын!
Дендерің сау, аман боп,
Ару-сырқау болмасын!
Әрбір үйді әрдайым,
Жаратқан ием қолдасын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу