Баталар ✍️

  20.11.2021
  989


Автор: Жібек Ысқақова

Шаңыраққа бата

Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!

Ағайын маған қараңдар,
Асқа бата берейін.
Сіңімді болып астарың,
Үстем болсын мерейің!
Көңілге шаттық әкелер,
Маржан сөзді терейін.
Жайылған бұл дастархан,
Қуанышқа жайылсын!
Дастарханның иесі,
Алла қолдап байысын!
Аман болып отбасы,
Бақ-береке орнасын!
Бала-шаға аман боп,
Қанаттары талмасын!
Шаңырақтың шаттығы,
Таба берсін жалғасын!
Алла өзі жар болып,
Сәтсіздіктер болмасын!
Әр істері оңды боп,
Көңілде шаттық орнасын!
Амандық боп әр үйде,
Қуаныш тапсын арнасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу