Баталар ✍️

  20.11.2021
  1938


Автор: Жібек Ысқақова

Дастарханға, асқа бата беру

Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!

Ақ дастархан жайылып,
Қойылды ас ортаға.
Сіңімді болсын астарың,
Ағайын-туыс, баршаға.
Қуаныштар орналсын,
Бақ-береке жалғансын,
Осындағы баршаңа.
Отбасыңыз аман боп,
Сәтті басар қадам боп,
Жүріңдерші ән сала!
Шаңыраққа тілейміз,
Бақ-береке мол болсын.
Дастарханың бай болып,
Үсті толған ақ болсын.
Қуанышқа жайылар,
Дастарханың көп болсын!
Әрқашанда қолдайтын,
Алла саған жақ болсын!
Бастарыңа орнайтын,
Таусылмайтын бақ болсын!
Аман болып отбасы,
Бар жақсылық тап болсын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу