👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.11.2021
  111


Автор: Жібек Ысқақова

Сынып жетекші ұстазым, туған күніңмен

Білім беріп біздерге үндеп жүрген,
Сынып жетекші ұстазға алғысым көп.
Бар жақсыны біздерге арнап жүрген,
Болсын ұстаз әрқашан көңліңіз тоқ.

Құтты болсын жеке меншік мерекеңіз,
Білім берер ұстазым жаны жайсаң.
Жастан жасқа амандықта жетіңіз деп,
Өзіңізге шын жүректен тілек айтам.

Таусылмайтын ұстазым, бақ тілеймін,
Қуанышы, шаттығы көп сәт тілеймін.
Еңбегіңіз бағаланып жоғарыдан,
Мақтауы бар апай сізге хат тілеймін.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы