18.11.2021
  361


Автор: Ауданбай Ахметжанұлы

Құран, хадис және Абайдың шығармашылығы

Осы өмірде Жаратушы жалғыз Иеміз Алла тағала мен Оның кәләмі қасиетті Құран Кәрім ғана мәңгілік болса, Пайғамбарлардың сардары, Алланың нәбиі, досы әрі құлы, ақырғы Пайғамбар, Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.) хадистерінен басқа заманақырға дейін сақталатын ешбір жаратылыс жоқ.


Алайда, ғасырдан ғасырға өтіп, өзінің құндылығын жоғалтпай адамзаттың жадында сақталатын пенденің қасиеттері мен амалдары да баршылық. Олардың қатарында тақуа, әулие, әмбиелердің – Алланың сүйген құлдарының амалдары мен айтқан терең мағыналы ақыл-кеңестері және шайырлардың, жазушылардың Алланың ұлылығы мен құдыретін, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүннәттері мен хадистерін негіз қылған туындыларын атауға болады. Осы ғасырдың басында зиялылар бас қосып, келесі ғасырларға кімнің шығармасы өтеді тақырыбын талқылап, ғасырдан ғасырға өтетін замандастарымыздың шығармаларының ішінен Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Абай» романын бірауыздан атаған. Неге тек «Абай» романы ғана жасампаз шығарма деп танылды дегенге ой жүгіртсек, көпшілік ақын жазушылардың шығармалары «заманына қарай амалы» демекші, өздері өмір сүрген заманның шеңберіндегі оқиғалар аясын өрнектегендіктен келесі ғасыр үшін оның ешқандай құндылығы болмайды. Ал «Абай» романында бір ғасырға жуық уақыт аралығындағы қазақ халқының бүкіл әдет-ғұрпы, оның ішінде тек қазаққа тән асыл қасиеттері мен қоса жағымсыз әдеттері де көркем тілмен баяндалған. Бұл кейінгі ұрпақ үшін бабаларының жақсы жақтарынан үлгі алып, нашар амалдарынан алшақтауға бірден-бір анықтама. Мұнымен қоса, сол заманның зиялыларымен бірге бүкіл халықтың діндарлығы мен халықтың салт-дәстүрінің, даналық сөздерінің Алланың кәләмі Құран аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінен бастау алатындығын айшықтап жазылған. Яғни, заманның ағымының жетегінде кетпей, көркем сөзбен сол кездегі саясатпен тыйым салынған әдет-ғұрыппен дінді халыққа жеткізе білген. Бұл бір ғасырдың өтпелі кезеңін суреттеген туынды емес, бүкіл адамзаттың өткені мен келешекте басынан өтетін жағдайды қамтыған туынды. Енді тарихтың тереңіне үңілсек, бізден бұрын өмір сүрген миллиондаған жазушылар мен ақындардың ішінен саусақпен санайтындардың ғана шығармалары бізге жетіп, заманмен үндестігін жоғалтпаған. Сөзіміз дәлелді болу үшін жазылғанына ондаған ғасыр өтсе-дағы сөзі жасымай, тақырыбы тозбай осы заманмен үндестігін жоғалтпаған бірнеше ақын-жазушалардың шығармаларының мазмұнына үңілейік.


Оншақты ғасыр бұрын өмір сүрген ақын Ахмет Жүйнеки «Ақиқат сыйынан» (Һибәтул-хәқайқ) атты туындысының негізі Аллаға мадақ, оның сипаты, халақты Аллаға құлшылыққа үндеу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүннәттері мен хадистерін, қасиетін, Төрт сахабаны (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (р.а.) жырлаумен қоса, тілдің зиянын, өмірдің жалғандығын, жомарттықтың артықшылығы мен сараңдықтың кесепатын, көркем мінездің сипаттарын жырлаған өлеңдерінен үзінді келтірейік:


Тәңірім, шексіз мадақ айтамын Саған.


Мейіріміңнен үмітті бұл құлың әмән.


Мұрсатың менен аяма көмекті бүгін


Саған мадақ айтуға лайықты тілім, деп, Аллаға мадақ айтса,


Құлағың сал, сүйікті сөз есті даңқынан,


Ықылас қойсаң, жұтарсың жұпар аңқыған.


Ол – ардақтысы һәм құты мынау ғаламның,


Теңдесі жоқ, шүкір етейік соған мың.


Расулдар ақ жүзді (болса), Ол – жанар,


Қызыл шырайға мең болып


Сол ғана қонар, деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мадақтады.


Және төрт жараныңа айтамын сәлем,


Олардан еш жалықпадым әман.


Атиқ пен Фаруқ, Зиннурейін, Әли бар,


Алланың сөзін жатқа айтатын қарилар, деп Атиқ – Әбу Бәкірдің, Фаруқ – Омардың, Зиннурейін – Оспанның лақап аттарын атап, 4 төрт әділ халифалар жөнінде қалам тартқан.


Жадыңда түт даналардың сөзін бұл:


«Тіл тыю – басы әдептің».


Тіліңді дәйім тыя алмасаң өзің біл,


Жарылар басың, астында қалып әлектің,


деп тілдің зиянынан сақтандырса,


Бұл дүние керуен сарай, көшіп қонған,


Сарайға әркімдер де келіп-кетер.


Дүние білген жанға қолдың кірі,


Тәрік ет, соңынан еш қума оны, деп дүниенің опасыздығын ескерткен.


Жомарттың мақтай білгін жомарттығын,


Сараңға даяр болсын бұрын оғың.


Жомарт жан Алланың да ардақтысы,


Сараңдық жан біткеннің сұрықсыздық, деп жомарттық пен сараңдықтың ара-жігін саралаған.


Аллаһ өзін білімменен құт етеді,


Қайырсыз надандықты жұт етеді.


Білімді үйренбеген талай қауым,


Құдайды қолдан жасап пұт етеді.


Тәкаппар тонын киме «біл» демегім,


Халықты кеуде керіп тілдемегін.


Нышаны момындықтың кішіпейіл,


Болдағы кішіпейіл, дым демегін.


Бұл ғаламда болсаң дағы кім өзің,


Бойға жұқтыр тек асылдың мінезін.


Мейрімсіз жан-жеміс бермес ағаш ол,


Отқа өрте, ондайларды күзегін, деп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мінезі жөнінде айтылған «Қалам» с. 4-а: «Расында сен  сондай тамаша  мінезге иесің»   аяты мен  Әбу Һұрайрадан жеткен хадистерінде, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қиямет күні мүміннің таразысында көркем мінезден де ауыр басатын еш нәрсе болмайды. Расында, Аллаһ тағала бейпіл ауыз дөрекіні жек көреді», «Расында, мүмін бойындағы көркем мінезі арқылы күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқитын адамның дәрежесіне жетеді»  көркем мінезді уағыздаған.


Әрине, бабамыз ақын Ахмет Жүйнекидің шығармашылық ауқымы өте кең. Жазғандарында көтерілген діни, өміршең жағдайлардың барлығын талдау бір мақала мүмкін емес бірнеше мақалаға жүк. Осымен қысқаша таныстыруды аяқтадым.


Он екінші ғасырда өмір сүрген, Аллаға құлшылықтың шыңына шығып, тірісінде замандастары «әулие» деп мойындаған Қожа Ахмет Иасауидің шығармасы он ғасыр бойында халықтың жадынан ажыраған жоқ. Қожа Ахмет Иасауи бабамыз бүкіл адамзатты Жаратушы жалғызға ғана құлшылық қылып, күнәдан қашық болуды уағыздады.


Қожа Ахмет Иасауидің замандасы Сүлеймен Бақырғани (л.а. Хакім ата) бабамыз өзінің шығармашылығының негізіне «Ақырзаман», «малғұн Дажжал мен оның көзін жоятын Мәді» жөнінде, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Үмбеттерімді ғафу қылғын, жаратқан» деп Аллаға жалбарынған хадисі мен Миғражын жырына арқау қылды.


Ғасыр қойнауынан ондаған ғасырды артқа тастап, қажымай, талмай, ескірмей, ұмытылмай жеткен көрнекті тұлғаларымыздың бірі Махмұт Қашқари. Махмұт Қашқари:


Қонақты қарсы алғын, асыңды күттірме.


Қуана жар салғын, бір затын зыттырма.


Ел басшысы болсаң егер, жағымды істі кәсіп ет,


Бек қасында адамдарға жақсылықты тасып өт, десе,


9-12 ғасырда түркі әлеміне белгілі болған ойшыл, шайыр Жүсіп Баласғун «Құтты білік» еңбегінде:


Құдыретті бір хақ озық баршадан,


Мадақ мақтау құрмет лайық бір саған.


Дұғасымен кісі ізгілік көреді,


Дұғасымен жұмаққа енеді.


Дұға оқып, «сақта» деп хан жылады,


Қолын жайып, жаратқанға жалынды.


Кем-кетікке мал таратты, сүйер деп,


Үміттеніп, шарапаты тиер деп.


Бек кісіге керек ұят, ақыл, ар,


Зұлмат күш жоқ, ақыл арды жапырар.


Ұяты бар адамдар пәк, момын да,


Ұятты іске тигізбейді қолын да.


Кімге тәңір берсе ұят, намысты


Оған қоса берген құт, даңқты.


Білік-түпсіз,шетсіз-шексіз бір теңіз,


Қанша сімір, сарқылмайды, білсеңіз.


Біліммен ер басын алып жүреді,


Ал білімсіз басын оққа тігеді.


Білім алып, биіктей бер, адам бол,


Ел ішінде мал атанған надан мол, деп бір Жаратушыға ғана бағынып, соған ғана табынып, Сол ғана мадақ-мақтауға лайық екендігін уағыздаса, Адам атты жаратылысқа, екі дүниенің игілігіне және екі дүние шыңына шығатын жолды меңзейді.


Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарының түсуі мен Пайғамбарлардың сардары, Раббымыздың нәбиі және құлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің айтылуының әрқайсының шығу тарихы мен себептері бар. Сондықтан, алғашқыда бір мағынаны беретін сияқты мағыналас аяттар мен хадистер бірнеше рет қайталанылады. Қарапайым халыққа, аят пен хадистің тарихы мен шығу себебін білу міндеттелмегендіктен олар біле бермейді, және көпшіліктің білуі мүмкін де емес. Мысал үшін, «ысырап» сөзі әртүрлі жағдайларда  пайдаланылғанда «ысыраптың» зияны туралы аяттар түсіп, хадистер айтылған. Міне, хаким Абай осы аяттар мен хадисті қарапайым халыққа аз сөзбен терең мағыналы етіп жеткізген. Ал ғалымдар үшін әрбір аяттың, хадистің орны ерекше.


«Ниса» с. 58-а: «Алла сендерге адамдар арасында билік айтар болсаңдар, билікте әділ болуларыңды бұйырады», «Ғанкәбут» с. 69-а: «Алла қашанда жақсы іс істегендермен бірге», «Шуғра» с. 215-а: «Өзіңе ерген (жолыңа түскен) мүміндерге өте мейірлі, кішіпейіл бол», «Нахыл» с. 90-а: «Негізінде  Алла  әділетті, игілікте және ағайынға қарайласуды бұйырды», Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Басшыларыңның қайырлысы – сендер оларды, олар да сендерді жақсы көргендер, әрі сендер олар үшін дұға қылып, олардың да сендер үшін дұға қылғандары. Сондай-ақ, басшыларыңның ең нашары – сендер оларды, олар да сендерді жек көргендері, әрі сендердің оларға қарғыс айтып, олардың да сендердге лағынат жаудырғандары» (Мүслим имара 65), «Жарлының, жолаушының қарнын тойғыз. Оларға жанашыр бол» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы Алматы 1991ж 17-б). аяты мен хадистерімен үндесуде. «Егер адам баласының бір сай тола алтыны болса, әлбетте екі сай алтыны болғанын қалар еді. Ал, екі сай алтыны болса, әлбетте екеуіне қоса үшіншісін қалайды. Адам баласының ішін тек топырақ қана толтырады» (Байһақи), «Адам баласының мыналардан басқа ешнәрсеге хақысы жоқ: тұратын үй, денесін жабатын  киім және қара нан мен су» (ат-Термези), Жаратушымызды, оның кәләмі Құран Кәрімді, Пайғамбарлардың сардары, Раббымыздың нәбиі және құлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы қалам тартқан ақын-жазушылардан басқа бірнеше мыңдаған ақын-жазушылардың шығармалары мен аты-жөні тарихтың тұңғиығына тұншығып, ұрпақтарының жадынан өшіп қалды.


Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, ойшылдардың ойшылы Абай хакімнің халық қамын жеген, адам тәрбиесіне арналған өлеңдерін оқығанда, Құран аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерін оқып отырғандай сезінесің. Абай бабамыз алдымен айтар ойыңды саралап, жүйеле, оның мән- мағынасына назар сал, айтар сөздің мағынасы күнделікті күйбің тіршілік; от жақ, су әкел, мал жайла емес. Жалпы адамзатты толғандыратын, естіні ойландыратын, дұрыс жолға сілтейтін салиқалы ой болса айт, ол үшін айтар ойды жүректің елегінен өткізіп, өзің тұщынсаң ғана айтуды өсиеттейді. «Мүминун» с. 77-а: «Ол (Аллаһ) Сендер үшін есту (құлақ), көру (көз), сезу (жүрек) қабілетін жаратты», «Ахқаф» с. 26-а: «Сондай-ақ, оларға есту, көру, және ойлау қабілетін берген едік» аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.): «Байқаңдар,   расында денеде бір түйір ет бар, егер ол түзелсе, дене  мүшелерінің  барлығы түзеледі,  ал егер ол  бұзылса, дене мүшелерінің барлығы бұзылады, ол-жүрек». (Жұма уағызы Алматы 2015. 304-б.) «Әр затты кір шалғаны тәрізді жүректі де кір шалады. Оны тәубамен, кешірім тілеумен тазалап отырыңыздар», «Жүрегінде зәредей иманы болған адам тозақтан шығады» (Тирмизи), «Жүрегінде тозаңның салмағындай тәкаппарлық болған кісі жәннатқа кірмейді» (Муслим), «Жүрегінде зәредей иманы болған  адам тозақтан шығады» (Тирмизи), «Мүминнің тілі жүрегінің түбінде болады. Егер бір нәрсені айтқысы келсе, оны жүрегімен тексеріп көреді, кейін тілмен айтды. Екі жүзді адамның тілі жүрегінің бергі жағында болады. Егер сөзді айтқысы келсе, айта салады, оны тексеріп көрмейді» (Жұма уағызы 2015-ж. 434-б.). хадистеры тұрады. Бұнымен қоса, сауданы кәсіп қылған, Ұлық имам Абу Ханифаға бір адам келіп: «керуеніңді қарақшылар тонапты» дегенде, Ол аздан соң, «Әлхамдулиллаһ» депті. Хабаршы қайта келіп, «жаңағы жаңсақ хабар болды. Керуенің аман, жолда келеді» дегенге де, сәл кідіріп, «Әлхамдулиллаһ» деген. «Керуен тоналды дегенге де, «Әлхамдулиллаһ», керуен аман, жолда деген жақсы хабарға да «Әлхамдулиллаһ» дедіңіз, осының себебі не» деп сұраған хабаршыға, Әбу Ханифа: бірінші нашар хабар естігенде, аз отырып, жүрегімді тыңдадым, жүрегім реніш білдірмеді, сол үшін «Әлхамдулиллаһ» дедім. Екінші қуанышты хабарды естігенде де жүрегім жағымды хабарға да қуанбады. Оның дүниеге байланбағанына қуанып, «Әлхамдулиллаһ» деп, Аллаға шүкіршілік қылдым» деген екен. Енді бір пара аят пен хадистен мағлұмат алғаннан соң, Абайдың шығармасына назар аударайық:


Алыстан сермеп,


Жүректен тербеп,


Шымырлап бойға жайылған


Қиуадан шауып,


Қисынын тауып,


Тағына жетіп қайырған,


Толғауы тоқсан қызыл тіл,


Сөйлеймін десең өзің біл.


Ет жүрексіз еріннің айтпа сөзін,


Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін.


Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма?


Шымылдық, боп көрсетпес шынның жүзін.


Міне Абай, жүректің қасиетін Алланың кәләмі аят пен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерін жақсы білгендіктен тыңдарманға қысқа да нұсқа қылып уағыздаумен қоса, ақын және жазушыға жол көрсеткен.


Туа бітісінде мисыз пенде болмайды. Бірақ, қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ойламаған ми сасиды» демекші, ойсыз ми жоққа тән, ойлауға қабілетсіз. «Қалам» с. 11-а: «Ғайбатшыл, әрі адамдар  арасында сөз тасығыш өсекшінің (айтқанына ерме)», «Һумәзә» с. 1-а: «Адамдардың сыртынан ғайбат айтып өсек тасушыларға лағнат болсын», «Хаж» с. 30-а: «Жалған сөзден аулақ  болыңдар», «Ниса» с. 36-а: «Негізінен Алла тәкаппар, мақтаншақтарды ұнатпайды», «Нәжім» с. 32-а: «Өз-өздеріңді дәріптеп мақтанбаңдар, Аллаһ тағала кімнің шынайы тақуа екенін жақсы біледі», «Нұр» с. 31-а: «Уа мүміндер! (күнәларың үшін өкініш білдіріп) Аллаһқа тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер», «Һуд» с. 3-а: «Роббыларыңнан (күнәләрің үшін) кешірім тілеп, содан соң Оған (бет бұрып)  тәубе етіңдер» аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Көп күлуден сақ бол, көп күлу  жүректі  өлтіреді» (Мұхтарул әхадисин нәбәуи, 398-399-б.).  «Алла тағала сендер үшін үш нәрседен кейіді: Өсекшілдік, Орынсыз жерге мал зая етушілік (ысырапшылдық), Көп сұраушылық (орынсыз сұрақ қоюшылық)» (Бухари, Муслим). «Адам баласының бір сай толы алтыны болса, тағы да дәл сондай бір сай толы алтыны болғанын қалайды. Оның құлқынын (көрге кіргенде) топырақ қана толтырады. Соған қарамастан, Алла тағала (ашкөздік, сараңдық сынды жағымсыз қылықтардан арылып) тәубеге келген құлының тәубесін қабыл алады» (Бұхари), Құдси хадис: «Байлықты қанағатқа (ынсап) жасырдым, оны малдың көптігінен іздейді, оны қайдан тапсын» (Бихарул-Әнуер) «Кімде-кім маған екі жағы мен екі аяғының арасына қатысты кепілдік берсе (өсек пен зинаға жоламаса), мен де оның жұмаққа кіріуіне кепіл боламын» (Иман журналы № 8 27-б.). «Өсекші жаннатқа кірмейді» (Бухари), «Аллаһтың қандай да бір құлы  Аллаһтан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі деп кәлима айтып, шын жүректен куәлік етсе, Аллаһ оны тозақ отынан сақтайды» (Бухари, ильм 49; Муслим иман 53). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ғайбаттың не екенін білесіңдер ме?» деп сұрағанда, сахабалардың: «Алла мен  Оның елшісі жақсы біледі» дегендеріне, Алла елшісі: «Араларыңыздағы біреуіңіздің ұнамайтын сөздермен өз бауыры (мұсылман) жайлы сырттан айтуы» (Мүслим Бирр 70). «Ұят иманнан, кімнің иманы болмаса, оның ұяты жоқ», «Өсек айту ойнастық істегеннен де ауыр күнә» (Әбу Сайд әл Худри және Жәбир ибн Абдулла (р.ғ.). «Құдайдан қорқу-білімділіктің белгісі, өзіңе өзің қайран қалу-надандықтың нышаны» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы.1001 хадис Алматы 1991 ж. 78-б.).тағы да басқа аяттар мен хадистерде көрсетілген күнәлі іске халықтың көпшілігінің жақындығын, оның соңының неге соқтыратындығын ойланбайтын ғапылдығын бабамыз төмендегі жыр жолдарымен аңғартқан:


Басында ми жоқ,


Өзінде ой жоқ


Күлкішіл кердең наданның.


Тасыса өсек,


Ысқырса кесек,


Құмардан әбден шыққаны.


Күпілдек мақтан,


Табытын қаққан.


Аңдығаны, баққаны,


Ынсап, ұят, терең ой


Ойлаған жан жоқ. Жауып қой.


«Ағраф» с. 199-а: «Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет», «Ниса» с. 107-а: «Алла қиянатшыл күнәһарларды жақсы көрмейді» аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Егер адамның денесіне зұлымдықтан болған қандай да бір зиян жеткенде, оны кешіріп жіберетін болса, Алла ол адамның дәрежесін көтеріп, күнәсін кешіреді», (Барраз, Табарани), «Кімде-кім жұмақтың төрінде болғысы келсе, көпшіліктен бөлектенбесін. (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы.1001 хадис Алматы 1991 ж. 42-б.). Расуллаһ (с.ғ.с.) «Уа Алла! Мен Сенен шарасыздықтан, жалқаулықтан сақтауыңды тілеймін» (Ибн Хиббан Анас ибн Маликтен). деп дұға жасаған, «Ұялшақтық және аз сөйлеу қабілеті-иманның екі  тармағы,  ашуланшақтық  пен  бос сөзділік  екіжүзділіктің  қос тармағы» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы.1001 хадис Алматы 1991 ж.).«Дінге сенетін   адам  үшін пайдасыз  бос сөзден арылудың маңызы ерекше» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы.1001 хадис Алматы 1991 ж. 95-б.).   «Күлкінің екі түрі бар: Алланың жақтыратыны әрі жақтырмайтыны. Аллаға ұнайтын күлкі – бір мұсылманның екінші бір мұсылманды жолықтырғанда, қуанғанын білдіріп жүзіне күліп қарауы. Ал Алланың жақтырмайтын күлкісі – біреуді біреудің мазаққа айналдырып, келемеждеп күлуі» (Мұхтарул әхадисин нәбәуи,398-399-б.) делінген хадистерін дана Абай былайша өрнектеді:


Болмашы кекшіл,


Болсайшы көпшіл,


Орынсыз ыржаң,


Болымсыз қылжаң


Бола ма дәулет, нәсіп бұл?


 «Жұма» с. 10-а: «Намаз оқылып болған соң, жан-жаққа тарап (кәсіптеріңе), Алланың рақымынан (үмітттеніп) нәсібе іздеңдер. Мақсатқа жетулерің үшін Алланы жиі еске алыңдар» аяты мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кейбір күнәлар бар, оларға намаз, ораза, қажылық та кәффарат бола алмайды. Тек күнкөріс қамымен қажымай жұмыс істеу ғана оны  жуып-шая алады» (Табарани) «Адал ас табу әрбір мұсылман үшін міндет», «Қайыр тілегеннен гөрі қолыңа арқан алып, орманға барып ағаш теріп, оны сатып тамақ тапқан артық», «Кімде-кім өз еңбегімен егін орып келіп, қалжырап ұйықтап кетсе, оның күнәлары түні бойы кешіріліп шығады» (ҚМДБ» «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001 хадис Алматы 1991 ж. 70, 82, 101-б.). «Адал кәсіп ету-әр мұсылманға парыз», «Адал  табыс табуға шыққан адам  жиһадта  жүрген кісі тәрізді (Жұма  уағызы Астана 2015 ж. 208-б.). Ар-ұятын сақтап, адал дүниені іздегендер шейіттермен деңгейлес» (Табарани), «Ешкімге де қол еңбегінен артық ризық бұйырмаған. Дәуіт пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) да өз еңбегімен күн көрген» (Бухари), Сағид Ибн Муаз (р.а.) дың қолы отбасын асырау үшін атқарған еңбектен тілімденгенін көргенде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Міне, Алла осындай қолдарды ұнатады» (Әби Дауід), «Жан аямай кәсіп қыл. Шындығында, Алла Тағала қолында кәсібі бар мұсылманды жақсы көреді» (Бухари), «Мал өсірсең-қой өсір», «Егін егіңіз, өйткені ауыл шаруашылығы-пайдалы кәсіп», «Кәсіптің ең жақсысы – өз қолыңмен жасаған нәрсе» (ҚМДБ Желмая ғылыми-аударма орталығы Алматы 1991ж. 4, 8, 21-б.). «Сауданы адал жасаңдар, саудада береке бар», «Жалған ант ішу тауарды өткізеді, бірақ берекені жояды», (Жұма уағызы Астана 2015 ж. 212-.б.). «Адамның жеген асының ең адалы – өз кәсібінен  және әрбір дұрыс саудадан болғаны» (Ахмед).   Сахаба Абу Зәрр Алла елшісінен: «Маған бір басшылық берсеңіз?» деп,  бір жасаққа қолбасшы, не бір жерге әкім болу ойын меңзейді. Хақ Пайғамбар оған: «Сен әлсізсің. Бұл істер саған ауыр тиеді, Абу Зәрр. Мұндай міндетті сұраушы болма. Бұндай міндет сұрағанға берілмейді» (мүслим имра17), «Шындығында Алла Тағала  қолында кәсібі бар мұсылманды  жақсы көреді» (Жұма уағызы Астана 2015 ж.79-б.). деген хадистерді


Еңбек қылсаң ерінбей-


Тояды қарның тіленбей.


Егіннің ебін,


Сауданың тегін


Үйреніп ойлап, мал ізде.


Түбінде баянды еңбек егін салған,


Жасынан оқу оқып, білім алған.


Би болған, болыс болған өнер емес,


Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.


Олардың жоқ ойында малын бақпақ,


Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.


Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,


Сәлемдеспей, алыстан ыржың қақпақ.


Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,


Қардың суы сықылды тез суалар.


Еңбек жоқ, харкет жоқ, қазақ кедей


Тамақ аңдып қайтеді тентіремей?


Етпен қымыз сықылды ас жоқ дейді,


Ол немене жоқтықтың әсері емей? деп, Абай халықты еңбекқорлыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды.


«Хашир» с. 9-а: «Кім бойындағы сараңдықтан сақтанса, міне, солар нағыз құтылушылар». Х-ті  Әбу Бәкір (р.а.), әрқашан күн көрісіне көмектесетін Мистах атты адам, Әбу Бәкірдің қызы, Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) жұбайы, мұсылмандардың анасы Айша (р.а.) жөнінде ел арасында нашар сөз таратқанын естігенде, «бұдан былай Мистахқа  көмек көрсетпеймін» деп кесіп айтты. «Нұр» с. 22-а: «Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар жақындарына, міскіндерге,  мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғафу етіп кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» аяты түскеннен кейін, Х-ті  Әбу Бәкір (р.а.) Мистахты кешіріп, көмегін жалғастырған. «Нәжім» с. 39, 40, 41-а: «Адамзат тек еңбегіне қарай табысқа жетеді. Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді. Кейін оған еткен еңбегінің бодауы толық беріледі». аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жомарт Аллаға, жаннатқа және халыққа жақын, жаһаннамнан алыс. «Сараң Алладан, жаннаттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға жақын» (Термези), «Құлшылық он түрлі нәрседен тұрады. Бұл он нәрсенің тоғызы адал ырзық іздеуде» (Дәйлами). «Бала-шағасын  адалынан асырауға тырысып жүрген жан Алла жолында күресушімен тең. Ар-ұятын сақтап, адал дүние іздегендер шейіттермен деңгейлес» (Табарани), «Бала-шағасын адалынан асырауға тырысып  жүрген  жан Алла жолында күресушімен тең.  Ар-ұятын сақтап, адал дүние  іздегендер шейіттермен деңгейлес» «Жұма мінбары» Астана 2015 ж. 206-б.)  ,


Адал бол – бай тап,


Адам бол – мал тап,


Қуансаң, қуан сол кезде, деген өлең жолдарымен келтірген.


Қасиетті Құран Кәрімнің: «Али Имран» с. 57, 134- а: «Алла залымдарды жақсы көрмейді», «(Кек алуға шамасы жете тұрып) ашу-ызасын баса  алатындар, (қастандық еткен қаралаған) адамдарды кешіре білетіндер. Алла жақсы іс істегендерді ұнатады», «Хужурат» с. 13-а:  «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа анадан) жараттық» (деп адамзатты Адам ата (ғ.с.) таратқандығын білдіруі, жер жүзінде өмір сүретін бүкіл пенде ұлтына,  сеніміне, түсіне, тіліне қарамай, түбі бір туыс, бауыр екен білдірген).  «Хашыр» с. 9-а: «Мәдинаны олардан (мұһажирлерден) бұрын мекен етіп, иманда берік болған ансарлар өздеріне қоныс аударған (мұһажир бауырларын) шын жүректен жақсы көреді» аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүміндер анығында (дін) ынтымағындағы жандар. Ағайын арасының бұзылмауын ойлаңдар. Аллаһтың рақымы түссін десеңдер, одан қорқыңдар» (Тирмизи). «Кішілерімізге мейірімділік танытып, үлкендеріміздің қадыр-қасиетін білмеген адам бізден емес» (Тирмизи, Бирр,15). Әбу Һұрайрадан Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) «Жанымды уысында ұстаған Аллаһтың атымен ант етейін! Сендер толық иман келтірмейінше, жұмаққа кіре алмайсындар. Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша, толық иманға келмейсіндер. Ендеше, араларыңда сүйіспеншілік тудыратын істі айтайын ба? Өзара сәлемдесіп, амандық сұрасуды кеңінен жайыңдар» (Мүслим иман 93. 94). «Туысқандық қарым-қатынасты үзген кiсi жәннәтқа кiре алмайды» (Бухари әдеп 11). деген  деген хадистерді


Біріңді, қазақ, бірің дос


Көрмесең істің бәрі бос.


Малыңды жауға,


Басыңды дауға


Қор қылма, қорға, татулас, деп қазақты өзара татулыққа, кешірімшілдік пен бірлікке шақырады.


«Хаж» с. 30-а: «Жалған сөзден аулақ болыңдар», «Ниса» с. 107-а:  «Алла қианатшыл күнәкарларда жақсы көрмейді», «Майда»  42-а: «Олар өтірікке құлақ салушы арам жеушілер» (Мұхаммед ғ.с.) егер олар саған келсе,  араларына үкім бер немесе олардан жүз бұр. Егер олардан жүз бұрсаң  да, олар саған ешбір зиян бере алмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Шексіз Алла турашылдарды сүйеді», «Нұр» с. 31-а: «Мүміндерге айт: (бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас, Алла олардың не істегендерінен хабар алушы. Мүмін әйелдерге де айт: (бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа. (беті, қол-аяқтары) және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін», «Ахзаб» с. 35-а: «Ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдерге Алла Тағаланың  жарылқауы және ірі сыйлығы бар», «Ағраф» с. 27-а:  «Әй адам баласы! Шайтан ата-аналарыңның ұятты жерлерін қөрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарғаны сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмегендерге дос қылдық» аяттары  мен  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе, екішісі де бірге кетеді», «Ар-ұят та иманның бір тармағы» (Бухари), «Әр діннің бір мінезі болады.  Ислам дінінің мінезі – ұят». Ұят туралы мына оқиғаны білу өте пайдалы. Жаратушымыз махшарда есепке шақырылған қарттан: «Мына күнәларды неге жасадың?» деп сұрағанда, қарт күнә жасамағандыған айтады. Аса мейірімді Алла тағала періштелерге: «Олай болса, оны жәннатқа апарыңдар» деп бұйырады. Періштелер: «Уа Алла, бұл кісінің  мынандай-мынандай күнә жасағаны Өзіңе аян ғой» дегеніне, Алла  тағала: «Иә солай, бірақ Мұхаммедтің үмбеті екендігіне, ағарған сақал-шашына қарап, оның айыптарын бетіне басуға ұялдым» деді. Жәбірейіл (а.с.) осы хабарды жеткізгенде мейірім мен шапағат иесі Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) көзіне жас толып: «Алла тағала үмбетімнің ақ сақалдыларын сыйлап ұялғанда, үмбетімнің ақ сақалдары күнә жасаудан ұялмайды» деді (Байпақи Анас ибн Маликтен. «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» (Бухари, Иман 4-5). «Жалғаннан сақ болыңдар. Жалғандық адамды күнәға, күнә жаһаннамға апарады. Кісі үнемі жалған сөйлеп, жалғанды іздесе, Алла жарлығымен өтірікші кәззәптардың қатарына жатқызады» (Бухари, Әдеп 69; Мүслим, Бирр, 105). «Адамнан ұялмаған кісі Алладан да ұялмайды» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001хадис. Алматы 1991 ж. 109-б.). Шыншылдық жақсылыққа, жақсылық жаннатқа алып барады. Өтірік жамандыққа,  жамандық тозаққа жетелейді» (Жұма уағызы.2015-ж.435-б.). деген хадистерді Абай бабамыз:


Өтірік ұрлық,


Үкімет зорлық


Құрысын көзің ашылмас.


Ұятың, арың оянсын,


Бұл сөзімді ойлансын, деп адамды жақсылыққа жеткізбейтін жаман қасиеттерден аулақ болуға үндейді.


«Мүминун» с. 3-а:  «Олар бос және пайдасыз істерден аулақ жүреді», «Шарх» с. 7, 8-а: «Босағанда дереу қайта жұмысқа кіріс. Раббыңа құлшылық жаса», «Анфаль» с. 46, 58-а: ««Аллаһқа әрі Елшісіне бойұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда сәтсіздікке ұшырайсындар да, қуаттарың қашады және сабырлы болыңдар», «Алла шынында қиянат жасағандарды сүймейді»     аяттарында айтылғандай, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Тым тоқшылықтан сақ болыңдар! Расында Алланың құлдары қанағатсыз емес» (имам Ахмед), «Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық» (Бухари), «Көп жұмысқа тап болмай тұрып, бос уақыттың қадірін біл!» (Әбу Нуайм), «Өтірік айтудан аулақ болыңыз. Өйткені өтірік  пен иманның арасы жермен көктей», «Шыншылдық байытады, өтірік жоғалтады» (ҚМДБ, «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001 хадис. Алматы 1991 ж. 44,45-б.). «Құдайдан қорықпайтындар айлалы әрі өтірікші болады», «Бір-біріңе өтірік айтып жала жаппаңдар» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001хадис. Алматы 1991 ж. 110, 118-б.). «Шынайы мұсылман – тілі мен  қолынан  өзге  мұсылманға зияны тимейтін  жан» (Бухари иман 4). «Адамдарға қиындық тудырып жүретін жан Алланың ең күшті қаһарына ұшырайды», «Жасаған күнәға күйзелу өкініштің бір түрі» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001хадис. Алматы 1991 ж. 17-111-б.). «Уа Алла! Мен Сенен шарасыздықтан, жалқаулықтан сақтауыңды тілеймін» (Ибн Хиббан. Апас ибн Мәликтен) деп дұға жасаса, дана Абай:


Тамағы тоқтық,


Жұмысы жоқтық,


Аздырар адам баласын.


Таласып босқа,


Жау болып досқа,


Қор болып, құрып барасың.


Өтірік шағым толды ғой,


Өкінер уақытың болды ғой.


Жұмыссыз сандал,


Еріксіз малды ал


Деген кім бар сендерге, деп адамды аздыратын амалдардан арылуға шақырады.


«Шұғара» с. 215-а: Өзіңе ерген (жолыңа түскен) мүміндерге өте мейірлі, кішіпейіл бол», «Хужурат» с. 10-а: «Мұсылмандар бауыр» аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылман-мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны  сатпайды. Кімде-кім мұсылман  бауырының қажетіне  жараса, Аллаһ тағала да оның қажатін өтейді. Кім-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Аллаһ тағала оны қиямет- қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондайақ кімде-кім мұсылманның  айыбын  жасырса, Аллаһ тағала да қиямет  күні оның  айыбын  жасырады» (Бухари мазалим 3).  «Сіздердің ешбіріңіз өзі үшін қалаған нәрсесін дін бауыры үшін  де қаламаса толық иман еткен болмайды» (Бухари), «Мұсылманның көңлінде иман мен қызғаныш бірге болмайды» (Н. Тағанұлы. «Үміт сәулесі) 177-б.). «Көреалмаушылықтан сақ болыңдар. Өйткені, көреалмаушылық  адамның ізгі-сауап амалдарын от (ағаш) отынды жандырып  жібергеніндей жоқ  етеді» ( Әбу Дәуіт). «Алла Тағалаға және қиямет күніне иман келтірген адам  туысымен қатынасын үзбесін» (имам Бухари). «Ақиқатында туыстық сөзі Хақ Тағаланың «Рақымды» есімінен туындаған. Алла Тағала туыстық  қатынасты үзген адамға жаннатты харам еттеді» (имам Ахмет). хадисімен сыйластыққа, қайырымдылыққа баулыса, дана Абай былай  өрнектейді:


Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,


Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!


Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,


Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!


Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,


Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.


Біріңді бірің ғиззәт (сыйла), хұрмет етіс,


Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.


Жаратушы иеміз Құран Кәрімнің «Зумар» с. 9-а: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе? Де», «Бақара» с. 187-а: «Әйелдерің-сендердің киімдерің, сендер әйелдеріңнің киімдерісіңдер» деп киім, иесінің  дене-бейнесіне  жақын және оның әуретін сұғанақ көзден жасырушы, суық пен ыстықтан қорғаныш, «ағаш көркі жапырақ, адам көркі  шүберек» дегендей көркейтетіні секілді, сендер де бір-біріңе қорғаныш, қамқор, сүйеніш, сыйлап сүйе біліңдер  дегенді аңғартады. «Нахыл» с. 90-а: «Расында Алла әділ болуды, жақсылық істеуді, жақыныңа қарайласуды бұйырды», «Бақара» с. 215-а: «(Ей Мұхаммед с.ғ.с.), олар сенен Алла жолында не беретіндіктерін сұрайды. Оларға айт:«Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді»,«Таһа» с. 114-а: «О Раббым, білімімді артыра көр!», «Ғанкабут» с. 43-а: «Адамдарға баян еткен мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады», «Мужәдәлә» с. 11-а: «Алла сендердің араларыңдағы иман келтіргендер мен білімділердің дәрежелерін көтереді» деп бұйырса, Пайғамбар (с.ғ.с.): туыстан қол үзудің үлкен күнә екенін білдіріп, ол күнәні арқалағандардың жаннатқа кіре алмайтынын ескертсе, «Жарлыға жасалған садақада бiр ғана сауап бар. Осы садақа туысыңа берiлсе, екi сауапқа кенелесің. Бiрі – садақа сауабы, екiншi – туысыңа қарайласқанның сауабы» (Имам Термизий), «Білімді игеру-әрбір мұсылманның міндеті. Дүниедегі жаратылыстың барлығы білімді игерген адамның күнәсін кешіруді өтінеді, тіпті тілсіз мақұлықтардың өзі осыны тілейді» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001хадис. Алматы 1991 ж. 70-б.).  «Білімді, мейлі ол Қытайда болсын, меңгер, себебі білімді болу әр мұсылман үшін міндет» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы.1001хадис, Алматы 1991 ж. 17-б) «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла тағала оған жаннатқа апарар жолды жеңілдетеді», «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен» (жұма уағызы, 2-кітап 140-б). «Ғұламалар-Пайғамбарлардың мұрагерлері» (Әбу Дәуд), «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Аллаһ оған Жәннәтқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы, әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Аллаһтан оның күнәларының кешірілуін тілейді! Ал ғалымның қарапайым құлшылық етушіден артықшылығына келер болсақ, оның артықшылығы – аспандағы толық айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай. Шынында, ғалымдар пайғамбарлардың мұрагерлері, ал пайғамбарлар болса, өздерінен кейін динар да, дирһам да қалдырмаған, олар тек білімді мұра етті. Кімде-кім бұл білімді алса, онда ұлы сыбағаға қол жеткізіпті» (әт-Тирмизи). Абай:


Ғылым таппай мақтанба,


Орын таппай баптанба, деп, ғылымға талпынудың пайдалылығын   өлең жолдарымен жеткізеді.


Құмарлық – нәпсінің қалауы. Нәпсі – тәннің қажеттілігі. Нәпсге негізінен, қызығу (дүние-байлығына, жеңіл жүріске, атаққа, мадаққа), қуану, ішу-жеу, ұйқы, күлкі жатады. Нәпсі тәрбиелі және тәрбиесіз болып бөлінеді. Тәрбиесіз нәпсі тойымсыз, қатыгез, рахымсыз жеңіл жүріске, атаққа, мадаққа құмар. Пайғамбар  (с.ғ.с.) «Егер адам баласының бір сай тола алтыны болса, әлбетте екі сай алтыны болғанын қалар еді. Ал, екі сай алтыны болса, әлбетте екеуіне қоса үшіншісін қалайды. Адам баласының ішін тек топырақ қана толтырады» (Байһақи), «Адам баласының мыналардан басқа ешнәрсеге хақысы жоқ: тұратын үй, денесін жабатын  киім және қара нан мен су» (ат-Термези), «Бала-шағасын адалынан асырауға тырысып жүрген жан Алла жолында күресушімен тең. Ар-ұятын сақтап, адал дүниені іздегендер шейіттерге деңгейлес» (Табарани)   деген хадистердің мәнін ашып,


Құмарланып шаттанба


Ойнап босқа күлуге, деп ескертеді.


«Ағраф» с. 31-а: «Ішіңдер жеңдер, ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді», «Исра» с. 27-а: «Ысырап етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ», «Нәжім» 39, 41-а: «Әр адам өз еңбегінің нәтижесіне ғана қол жеткізеді. Оның еңбегінің нәтижесі де алда (қиямет күні) көрінеді. Содан соң (қиямет күні) оған сыйлығы, не жазасы толық беріледі», «Фурқан» с. 67-а: «Олар (яғни Аллаһтың шынайы құлдары) қаражат жұмсағанда ысырап та етпейді, сараңдық  та  қылмайды, екеуінің ортасын ұстанады», «Мәйда» с. 2-а: «Ізгілікпен тақуалықта ынтымақтасыңдар, күнә мен дұшпандықта ынтымақтаспаңдар», «Қалам» с. 11-а: «Жамандағыш, өсек тасығышқа да мойынұсынба» аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.): «Ішіңдер, жеңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер. Олар: өзіне бағындыра білген құмарлық және адамның өз-өзін мақтан тұтуы» (ат-Табарани). «Макталуды, мадақталуды жақсы көру адамды соқыр, әрі керең етеді. Кейін ол өз айыптарын, кемшіліктерін көрмей, өзіне қатысты айтылған дұрыс сөздерді, насихаттарды естімейтін болады» (Абдулла ибн Масғуд (р.а), «Екі нәрсе адамды құрдымға алып барады: үміттің үзілуі және мақтаныштық», «Жалғаннан сақ болыңдар. Жалғандық адамды күнәға, күнә жаһаннамға апарады» (Бухари), «Сіздерге ғайбатты (өсек) ескертемін, шындығында ғайбат зинадан да бетер» (Ғазали, Ихиаүшінші том, 318-б.). «Үнемшілдік еткен жоқшылық көрмейді» (Ахмад), «Кімде-кім үнемшіл болса, Алла тағала оны бай етеді. Кімде-кім ысырапшыл болса, Алла тағала оны кедей етеді» (Ихия улум әд дин). «Алла Тағала сіздің көпірме, бос сөз сөйлегеніңізге, дін атынан ұсақ-түйек сауал қойғаныңызға, байлықты орынсыз жұмсағаныңызға наразы» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001хадис. Алматы 1991 ж. 29-б.).   деген хадистерді Абайша айтсақ,


Тілеуің, өмірің алдында,


Оған қайғы жесеңіз,


Бес нарседен қашық бол,


Өсек, өтірік, мақтаншақ,


Еріншек, бекер мал шашпақ-


Бес дұшпаның білсеңіз!


         «Ниса» с. 36-а: «Ата-аналарыңа, жақын туыстарыңа, жетімдерге, жарлыларға, туыстығы жақын көршілерге, барлық көршілеріңе, жолдастарыңа, жолаушыларға, қол астыңда қызмет істейтіндерге жақсылық істеңдер», «Нәжім» с. 39, 40, 41-а: «Әр адам өз еңбегінің ғана нәтижесіне қол жеткізеді. Оның еңбегінің нәтижесі алда көрінеді (қиямет күні). Содан соң  (қиямет күні) оған сыйлығы, не жазасы толық беріледі» аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.): «Өзгелерге мейірім таныта алмаған адамға Алла тағала да қайырымдылық жасамайды»,  «Адал  табыс табуға шыққан адам жиһадта жүрген кісі тәрізді» «Бирр16 Әбу Дауд, Әдеб,58), «Адал еңбек ету-әр мұсылманға парыз» («Жұма уағызы» Алматы 2015 ж. 208-б.). «Адам баласының мыналардан басқа ешнәрсеге хақысы жоқ: тұратын үй, денесін жабатын  киім және қара нан мен су» (ат-Термези), Құдси хадис; «Байлықты қанағатқа жасырдым, оны малдың көптігінен іздейді, оны қайдан тапсын» (Бихарул-Әнуар, «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар. Олар: өзіне бағындыра білген құмарлық және адамның өз-өзін мақтан тұтуы» (ат-Табарани). «Қара жұмыспен қолы күстеніп немесе шаршап-шалдығып келіп, ұйқыға бас қойған адам кешірімге ие  болып күнәларынан арылады»(Байһақи Иджара 15).«Бала-шағасын адалынан асырауға тырысып жүрген жан Алла жолында күресушімен тең. Ар-ұятын сақтап, адал дүние іздегендер шейіттермен деңгейлес» (Табарани), «Ешкімге  де қол еңбегінен артық ризық бұйырмаған. Дәуіт пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) да өз еңбегімен күн көрген» (Бухари), Сағид Ибн Муаз (р.а.) дың қолы отбасын асырау үшін атқарған еңбектен тілімденгенін көргенде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Міне, Алла осындай қолдарды ұнатады» (Әби Дауід), Жан аямай кәсіп қыл, Шындығында, Алла Тағала қолында кәсібі бар мұсылманды жақсы көреді» (Бухари). «Адал табыс табуға шыққан адам жиһадта  жүрген адам сыяқты», («Жұма уағызы» Алматы 2015 ж.208-б.).«Кімде-кім тіленші болуды қаламай, бала-шағасының нәпақасын табу үшін  және  кедей көршілеріне жәрдем беру үшін адал еңбек етіп  табыс тапса,  ол адамның жүзі, қиямет күні  Алланың құзырында жаңа туған айдың нұрындай нұрланып  тұратан болады» ( Ибн Адия, Ибн Омардан риуаят еткен). «Сендерге Алланың дәрежені көтеретін амалды айтайын ба?» Сонда сахабалар: «Әрине!» деді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сенен алыстағандарға сен жақында, саған бермегендерге сен бер, саған зұлымдық  жасағандарды кешір» (Әбу Дәуіт, Әдеп, 3). «Құлшылық он түрлі нәрседен құралады. Бұл он нәрсенің тоғызы адал ырзық іздеуде (Дәйлами)», «Кейбір күнәлар бар, оларға намаз, ораза, қажылық та кәффарат бола алмайды. Тек күнкөріс қамымен қажымай жұмыс істеу ғана оны жуып-шая алады. (Табарани)», «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды» (Термези), «Өзгелерге мейрім таныта алмаған адамға Алла Тағала да қайрымдылық жасамайды» ((ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001хадис. Алматы 1991 ж. 109-б.).). «Алла үшін надан да болса  өзі жомарт пенде құлшылық етуші сараң құлдан жақсы» (Тирмизир, Бирр 40, Суюти-Жамиғ сағир). «Аллаһ-сұлу, сұлулықты сүйеді; таза, тазалықты жақсы көреді; жомарт, жомарттықты ұнатады». (Мүслим, Зекет, 65; Тирмизи, Әдеп, 41.). «Сендердің Раббаларың-ұлы ұят иесі әрі жомарт. Сондықтан қолдарын дұға үшін жайған уақытта оны бос (рахымы мен шарапатынсыз) қайтаруға құлынан ұялады» (СунануӘби Дәуід, Сунанут-Тирмизи). десе, Абай:


Адам болам десеңіз.


Бес нарсеге асық бол,


Талап, еңбек, терең ой,


Қанағат, рақым, ойлап қой-


Бес асыл іс, көнсеңіз.


Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,


Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.


Қаруыңның барында қайрат қылмай,


Қаңғып өткен өмірдің бәрі де –жел.


Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,


Еңбек қылмас еріншек адам болмас.


Есек к…н жусаңда мал тауып кел,


Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас, деп адами асыл қасиеттер, ислами құндылықтар мен ізгілікті ойларды түсінікті тілмен түйіндейді.


 «Зүмәр» с. 9-а: «Білетіндер мен  білмейтіндер тең бола ма?» Пайғамбар Мұса (а. с.) ілім үйрену үшін Қызырдың ізіне ерген. Бұл туралы Құранның «Кәһф» с. 66-а: «Мұса: Өзіңе үйретілген ілімнен маған да үйретуің үшін қасыңа ерсем бола ма? деді».  Пайғамбар (с.ғ.с.): Құдси хадисте: «Мен ілімді аштыққа жасырдым, адамдар қарын тоқтықтан іздейді оны қайдан тапсын», ( Бахарул Әнуар). «Әй Әбу Зар! Тәңертең үйіңнен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін 100 ракағат нәпіл намаз оқығаннан да қайырлы. Сол секілді тәңертең үйіңнен шығып, ілімнен бір бөлім үйренуің сен үшін  мың ракағат нәпіл намаз оқыудан қайырлы. (Ибн Мажа Муқаддима 16). «Бала-шағасын адалынан асырауға тырысып жүрген жан Алла жолында күресушімен тең. Ар-ұятын сақтап, адал дүниені іздегендер шейіттерге деңгейлес» (Табарани) десе,


Дүние де өзі, мал да өзі


Ғылымға көңіл бөлсеңіз.


Қызмет қылып мал таппай,


Ғылым оқып ой таппай,


Адам-бір боқ көтерген боқтың қабы,


Боқтан сасық боласын өлсең тағы.


Менімен  сен тең бе деп мақтанасың,


Білімсіздік белгісі – ол баяғы.


Құр үйінде жатады.


Ел қыдырып ас ішіп,


Еркек арын сатады.


Бала-шаға, ұрғашы


Үйде жаурап жатады», деп,бабамыз отбасының отағасы, Алладан кейінгі асыраушысы екенін ескертіп, үй иесі отбасының жағдайын ойлап, адал жолмен еңбек етіп, мал табудың орнына, ел қыдырып, тамақ аңдып, елге жексұрын болып өз тамағын ғана күйттеп, отбасының жағдайын ойламайтын жалқауларды сынаған.


Қасиетті Құран Кәрімнің «Хижр» с. 25-а: «Расында  (алғашқы) адамды қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық», «Рахман» с. 14-а: «Ол адамзатты құмырадай сыңғырлаған құрғақ топырақтан жаратты» аяттары мен Әнес ибн Мәлик (р.а.) жеткізген хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла тағала Адам әлейһиссәләмді жаратқан кезде оны сол күйінде өзі қалаған мерзімге дейін қалдырды. Оған Алла тағала рух үрлеген кезде оған жан кірді. Жан алдымен оның басынан кірді. Сонда ол түшкірді да: «Әлхамдулиллә» деді. Оған Алла тағала Раббыңның рахметі болсын» деді. Алла тағала алдымен топырақтан балшық жасады, одан Адамның бенесі сомдады да Оған рух үрлеген кезде,  жан кірді. Бұдан аңғарарымыз Жаратушы жалғыз иеміз Адам әлейһиссәләмді кезең-кезеңмен жасады. Жоғарыда келтірілген аяттар мен хадистерден түсінеріміз: Адам әлейһиссәләм екі құрамнан құралған. Бірі – жер жынысы топырақ дене (бейне), екіншісі-Алла тағала үрлеген рух. Осылайша Алланың үрлеген рухы денені иемденді. Дене Рухтың уақытша денеге ажал жеткенше тұрақтайтын аялдамасы. Топырақтан жаратылған дене (бейне) уақыты таусылғанда қайтадан топыраққа қайтып, өзінің бастапқы негізі топараққа айналса, рух өзі келген Алланың дәрғақына қайтады. Міне, ата бабаларымыз адамды өлді демей «қайтты» деген. «Имран» с. 185-а: «Әрбір тірі жан өлімнің дәмін татады», «Таһа» с. 55-а: «Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған (топыраққа) қайтарамыз да, екінші рет содан (топырақтан) шығарамыз (тірілтеміз)» делінсе,     


Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,


Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.


«Мені» мен «менікінің» айрылғанын


«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес» дейді дана Абай.


«Ықылас» с: «(Мұхаммед) Айт: Ол Алла Ахад (Жалғыз). Алла-Самад (мұқтажсыз, ал барлық жаратылыс Оған мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».   Пайғамбар (с.ғ.с.), Құдси хадис; «Абыройды бағыну мен тақуалыққа жасырдым, адамдар оны басшылықтың табалдырығынан іздейді, оны қайдан тапсын; Рақатты жұмаққа жасырдым, адамдар оны дүниеден іздейді, оны қайдан тапсын» (Бихарул Әнуар). десе, Абай


Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,


Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.


Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,


Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек, деп тұжырымдайды.


 «Фурхан» с. 74-а: «Раббымыз, бізге жұбайларымызды, ұрпақтарымызды көз қуанышымыз ете көр. Сондай-ақ тақуалардың алды (көсемі, жетекшісі) ет!». Пайғамбар (с.ғ.с.): «Әйелдерге тек қана сұлулықтары ұшін үйленбеңдер, Кейде сол  сұлулылықтары мінез-құлықтарының төмендеуіне апаруы мүмкін. Оларға дүниесі үшін ғана үйленбеңдер. Өйткені дүниесі азғындауына жол ашуы мүмкін. Оларға тақуалығы үшін үйленіңдер. Сөзсіз тақуа болған ескі киімді бір күң тақуа болмаған әйелден әлде қайда жоғары» (Ибн Мәже,Никах).   «Кім бір әйелге оның атағы үшін үйленсе (яғни, әйелдің ел алдындағы атағы арқылы өз даңқын көтергісі келсе), Алла оны қорлыққа салады. Кім әйелді оның малы үшін алса, Алла оған кедейлік жібереді.  Кім бір әйелді өз көзін төмен салу үшін (харамға қараудан сақтану үшін), ұятты жерін (зинадан) қорғау үшін, байланысты нығайту үшін таңдаса, Алла оған сол әйел арқылы береке береді, ал әйелге ол арқылы  береке береді» (Табарани), «Әйелдерге олардың көркі үшін үйленсеңдер, мүмкін олардың көркі оларды ұсқынсыз етер. Және оларды малы үшін де алмаңдар, өйткені ол мал олардың ерлеріне бой ұсынбаушылығына апарып соқтырар. Оларды діні үшін таңдаңдар. Егер діндар болса мұрны тесік қара күңнің өзі артық» (Ибн Мәже), Пайғамбар  (с.ғ.с.): «Қандай сипатты әйел хайырлы» деп сұрағында Ол (с.ғ.с.): «Егер қарасаң қуандыратын, бір нәрсе бұйырсаң бағынатын және өзі мен малына қатысты мәселелерде өзіңе қарсы шықпайтын әйел» (Сунан әл-Бәйпәхи әл Кубра) және «Еркек үшін ең ізгі қатын-ерін көп әуреге салмайтын қатын» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы, 1001 Хадис, Алматы 1991ж. 19-б.). десе


Жасаулы деп, малды деп байдан алма,


Кедей қызы арзан деп құмарланба.


Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,


Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, деп түсіндіреді дана Абай.


«Исра» с. 32-а: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық және  жаман жол», «Нұр» с. 30-а: «(Мұхаммед с.ғ.с.) Мүминдерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Расында, Алла олардың не істегендерінен хабар алушы», «Фурхан» с. 68-а: «Олар (Рахманның құлдары) Алладан басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтіруін харам еткен кісіні нақақтан өлтірмейді және зина жасамайды», аяттары мен  Пайғамбарымыз (с.ғ.у): «Аллаһқа серік  қоспауға, ұрлық жасамауға, зина істемеуге, балаларды өлтірмеуге, өтірік-өсек сөздермен біреуге жала жаппауға, дұрыс істерде қарсылық көрсетпеуге маған уәде беріңіз» (Бухари), «Зинақор зина жасағанда мүмін емес, арақ ішіп жатқан кезде  мүмін емес, ұрлық істеп жатқанда мүмін емес, адам тонап жатқанда мүмін емес» (Әбу Һурайра (р.ғ,). «Ақырзаманның белгілері: білімнің жоғалып, наданның көбеюі, зинақорлықтың жайылуы, арақ ішудің кең етек жаюы, ерлердің азайып, әйелдердің көбеюі» (Бұхари).  хадистерінде айтылғанды, дана Абай:


Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас,


Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас.


Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін,


Төбетке өлекшінің (қаншық) бәрі бір бас.


Адам – бір боқ көтерген боқтың қабы,


Боқтан сасық боласың өлсең тағы.


Менімен сен тең бе деп мақтанасың,


Білімсіздік белгісі-ол баяғы, деп кері кетушілікті жеріне жеткізе айтты.


Жер жүзіне көптеген пайғамбарлар келген. Пайғамбарымыздың бір хадисінде пайғамбарлардыдың саны 124 мың делінсе,  басқа бір хадисте 224 мың делінген. Бұл  хадистер әлсіз хадистердің қатарына жататынын есте ұстау ұстау қажет (Қ. Жолдыбай «Имани гүл).Анығын алла біледі. Қасиетті Құранда 25 пайғамбардың аттары аталған. Олардан: Адам (а.с.)-10, Шит (а.с.) – 50, Ыдырыс (а.с.)-30, Ибраһим (а.с.)-10 беттен түссе, Мұса (а.с.) – Таурат, Дәуіт (а.с.)-Забур, Иса (а.с.)-Інжіл, Мұхаммед (с.ғ.с.)-Құран Кәрім түсті. Өкінішке орай, Забурды, Тауратты, Інжілді адамдар өзгертті. Аллаға шүкіршілік, Құран Кәрім түскен қалпынан бір әрпі де 15 ғасырдан бері өзгермей бізге жеткен және қиямет қайымға дейін бір әріі де өзгеріске ұшырамайтын Алланың кәләмі (сөзі).  Қасиетті Құранның «Хижр» с. 9-а:  «Расында, Зікірді (Құранды) Біз түсірдік және оны Біз қорғаймыз», «Исра» с: 15-а: «Біз  пайғамбар жібермейінше (ешбір қауымды) азаптаушы емеспіз», «Фатыр» с. 24-а: «Ескертуші пайғамбар келмеген ешбір үмбет жоқ», «Бақара с. 136-а. «Біз Аллаға, бізге түсірілген шариғатқа (Құранға), Ибраһим, Исмайл және Исқақ пен Жақыпқа, оның әулеттеріне берілген нәрсеге, Мұсаға түсірілген (Тауратқа), Исаға түсірілген (Інжілге) және басқа пайғамбарларға Алла тарапынан берілген игіліктерге иман келтірдік. Біз ол пайғамбарлардың (біріне сеніп, енді біріне сенбей қоймаймыз) алаламаймыз. Біз мұсылманбыз, яғни бір Аллаға бойұсынамыз»,  «Хужурат» с. 13-а: «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді   бір ер, бір әйелден, (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың  тақуаларың» делінген. «Әнбия» с.107-а: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік» «Ықылас» с:  (Мұхаммед) Айт: «Ол Алла Ахад (Жалғыз). Алла-Самад (мұқтажсыз, ал барлық жаратылыс Оған мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес» . Мүшіріктердің Аллаң қандай деген сұрағына байланысты түскен сүре. «Юсуф» с. 53-а: «Нәпсімді ақтамаймын, расында жамандыққа бұйырады», Әнғам с.12 а: «Сондай өздеріне кесір тигізгендер; олар сенбейді» десе, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Нәпсісін жамандықтардан арылтқан адам жарылқанады, ал жамандыққа салып жіберген адам зиянға ұшырайды» (Шәме 9-10). «Ей, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан тақуалығынан (адамгершілігінен) басқа ешқандай артықшылығы жоқ. Күмәнсіз Аллаһтың алдында ең мәртебелілерің тақуалы (адамгершілігі мол) болғандарың» (С. Сейтбеков. «Дін насихат» Алматы-2014 ж. 53-б.). Нәпсіні еркіне босатпай, тұрақты түрде шариғат аясынан шығармай тәрбиелеу аса қажеттілік. Нәпсі тәрбиесінде білімнің,  мінездің және қанағаттың орны өзгеше екенін мына өлең жолдары арқылы


Алланың өзі де рас, сөзі де рас,


Рас сөз ешуақытта жалған болмас,


Көп кітап келді Алладан, оның төрті


Алланы танытуға сөзі айрылмас.


Замана, шаруа, мінез күнде өзгереді,


Оларға кез-кезімен нәби келді.


Қағида шариғаты өзгерсе де,


Тағриф алла еш жерде өзгермейді.


Күллі махлұқ өзгерер, Алла  өзгермес,


Әһли кітап бұл сөзді бекер демес.


Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен


Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес, деу мен ұлы ойшыл халықтың санасына жеткізуді көздеген.


 «Хұжурат с. 10, 13-а: «Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар», «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді   бір ер, бір әйелден, (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың  тақуаларың» (адамзатты Адам ата (ғ.с.), Хауадан) таратқандығын білдіруп, жер жүзінде өмір сүретін бүкіл пенде ұлтына, сеніміне, түсіне, тіліне қарамай, түбі бір туыс, бауыр екенін білдірген). «Ахзаб» с. 6-а: «Мүміндер үшін пайғамбар өз жандарынан да артық. Оның әйелдері олардың аналары», Пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «Кімде-кім мені әкесінен, анасынан,   баласынан және бүкіл адамдардан артық жақсы көрмейінше, кәміл иман еткен болып саналмайды» (Бухари, Иман 8). «Өзің үшін қалаған нәрсені  дін бауырың үшін қаламасаң, толық иман еткен болып саналмайсын»(Жұма мінбары 186-б.). «Алла туралы тамаша ойға берілгенше және оның кешірімі мен қайырымдылығына көз жеткізгенше өлмеңдер» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы, 1001 Хадис, Алматы 1991ж. 118-б.).


«Уа, Аллаһ Тағалам! Сені еске  алуым, Саған шүкіршілік етіуім және Өзіңе ең жақсы түрде құлшылық етуім үшін маған жәрдем бергейсін» (Әбу Дәуіт уитр; 26; Нәсәй,сәһу 60). аяттары мен хадистерінде айтылған Алланы, оның елшісі Пайғамбар (с.ғ.с.) және бүкіл адамзатты оның ішінде діндес бауырларын шын сүймеген пенденің иманы кәміл болмайтындығын Абай бабамыз:


«Махаббатпен жаратқан адамзатты,


Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.


Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп


Және хақ жолы осы деп біл» деумен.


Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,


Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.


Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті


Қылғанменен татымды бермес жеміс, шумағындағы


«Бастапқы үшті бекітпей сөйлемі, Алланы, оның Пайғамбарын, және бүкіл адамзатты оның ішінде діндес бауырларын шын сүймеген пенденің иманы кәміл болмайтындығын, ал иманы кәміл еместердің жасаған тағат-ғибадаттарының ешқандай мән-мағынасы жоқтығын білгізген. Алдымен сенімді күшейтіп, Алла мен Пайғамбарымызды (с.ғ.с) адам баласын өзінің жаны мен тәнінің, отбасының мүшелерінен артық көретін дәрежеге жеткізбей жасалған ғибадаттың жалғандығын насихаттаған. Абай хакімнің иманыңды бекітпей жасаған құлшылықтың пайдасыз екендігін айтқан жолдарын, кейбір пенделер Абай айтқан «Алланы мойындасам болды, ғибадаттар: руза, намаз, зекет, хажды орындау қажет емес» деп түсініп, оларды орындау міндет емес деген түсінікте. Олар бабамыздың осы өлеңінің жалғасы мына шумағының мән-мағынасына көңіл бөлмеген, не өлеңді аяғына дейін оқымаған.


«Ниса» с. 142-а: «Шынында мұнафиқтар (екіжүзді имансыздар) Алланы алдамақшы. Алайда, Алла олардың айла-тәсілдерін өздеріне қайтарушы (өз бастарына төңкереді). Олар намазға көңілсіз, жалқау тұрады да, сөйте тұра адамдарға көрсету үшін ғана оқиды. Жаратушыны өте аз еске алады», «Бақара» с. 8-а: «Адамдардың кейбіреуі екіжүзді (мұнафықтар): «Аллаға ақырет күніне иман еттік» деп айтады. Бірақ олар иман етушілерден емес» «Мұнафиқұн» с. 1-а: «Мұнафықтар сенің алдыңа келгенде: «Сен – Алланың пайғамбарысың, бұған біз куәміз» дейді. Сенің пайғамбар екеніңді Алла біледі. Мұнафықтардың суайт екеніне Алла куә» «Юсуф» с. 101-а: «Аллаһым жанымды мұсылман етіп ал, әрі салиқалы жандармен бірге  қыл» аяттары мен  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұнафықтар мен біздің арамыздағы уәде, парыз – намаз. Кім оны тәрік ететін болса, кәпір болады» (Термизи), «Мұнафықтық белгісі үшеу. Қашан сөйлесе өтірік айтады. Қашан уәде қылса опасыздық етеді. Ал қашан аманат берілсе қиянат істейді» (Бухари), «Кімде-кім мені, әкесінен, баласынан және бүкіл адамдардан артық жақсы көрмейінше, кәміл иман келтірген болып    саналмайды» (Бухари 15), « Өзің үшін  қалаған нәрсеңді  дін бауырың үшін  қаламасаң   толық иман еткен болып саналмайсын» («Жұма мінбары» «Көкжиек» баспасы 2012 ж. 186-б.). «Алла туралы тамаша ойға берілгенше және оның кешірімі мен қайырымдылығына көз жеткізгенше өлмеңдер» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001 Хадис. Алматы 1991 ж.118-б.). «Уа, Аллаһ Тағалам! Сені еске алуым, Саған шүкіршілік  етуіма  және Өзіңе ең жақсы түрде құлшылық етуім үшін маған жәрдм бергейсін» (Әбу Дәуіт, уитр; 26; Нәсәй, сәһу 60).


Мүһмин болсаң, әуелі иманды бол,


Пендеге иман өзі ашады жол,


Шыр айлан да,таза ойла бір иманды,


Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол, деуімен екіжүздінің Алланы, Оның Пайғамбарын (с.ғ.с.) толық мойындамаса да, ел алдында жақсы көріну үшін оқитын намазының пайдасыздығын түсіндірген. «Дүниедегінің бәрін шексіз сүйе берме-Сені Алла Тағала сүйер. Өзгенің байлығына көз алартпа-сені адамдар сүйетін болар»  (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001 Хадис. Алматы 1991 ж.15-б.). «Адам баласының мыналардан басқа еш нәрсеге хақысы жоқ: тұратын үй, денесін жабатын киім және қара нан мен су» (ат-Термези), «Мен Расулалланың (с.ғ.с.) күні бойы тіске басар құрмасы да болмай аштықтан бүгіліп жүргенін көрдім» (Муслим), «Бұл дүниеге қызықпа, сонда сені Алла жақсы көретін болады, адамдардағы нәрселерге қызықпа, сонда сені  адамдар жақсы көретін болады» (Ибн Маджа),


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімге Алла мал беріп, ол одан зекет бермесе, қиямет күні сол малы оған басы жылтыр, екі көзінің үстінде екі қара белгісі бар аждаһа жылан түрінде келіп, оны орап алады. Сосын екі езуімен оның қолын тістеп: «Мен сенің мал-мүлкіңмін, мен сенің қазынаңмын» (Бухари). «Жұмақта Райиан деп аталатын қақпа бар. Қиямет күні былай деп дауыстайды: «Ораза ұстағандар қайда?» Қашан одан ең соңғы ораза ұстаушы кіргенде ол қақпа жабылады» (Бухари), «Дүниедегінің бәрін шексіз сүйе берме-сені Алла Тағала сүйер. Өзгенің байлығына көз алартпа-сені адамдар  сүйетін болар». (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы.1001 Хадис Алматы 1991-ж.15-б). «Адам баласының мыналардан басқа еш нәрсеге хақысы жоқ: тұратын үй, денесін жабатын киім және қара нан мен су» (Термези), «Мен Расулалланың (с.ғ.с.) күні бойы тіске басар құрмасы да болмай аштықтан бүгіліп жүргенін көрдім» (Муслим), «Бұл дүниеге қызықпа, сонда сені Алла жақсы көретін болады, адамдардағы нәрселерге қызықпа, сонда сені  адамдар жақсы көретін болады» (Ибн Маджа), «Дүние – өлексе, оны қалайтындар – иттер» деген хадистерді


Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас


Екеуі тап бірдей орныға алмас.


Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың


Иманын түгел деуге аузым бармас, деп түйіндейді.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Менімен, менен бұрынғы пайғамбарлардың мысалы: Бір адам әдемі, көркем үй салып, бұрыштарының бірінде бір кірпіш қаланбай қалған сияқты. Адамдар сол үйді айналып, таңғалып, «әттең шіркін-ай бұған бір кірпіш қаланғанда ғой» дейді. Мен – сол кірпішпін және соңғы пайғамбармын» деген хадисін


Әсемпаз болма әрнеге


Өнерпаз болсаң арқалан.


Сенде бір кірпіш дүниеге,


Кетігін тап та бар қалан! деген шумақпен пендеге Пайғамбар (с.ғ.с.) секілді сен де өмірде өз орныңды тауып, басқаға пайдаңды тигізгенің дұрыс деп  уағыздайды.  


«Әнғам» с. 2-а: «Алла сендерді (аталарың Адамды) балшықтан жаратты, одан соң (өлшемді өмір) мезгілдеріңді белгіледі. Тағы бір мезгілдерің (қиямет мезгілдерің) де Оның қасында белгіленді. Ал сендер сонда да (өлген соң тірілуге) шүбәләнасыңдар» «Зумар» с. 42-а: «Алла, ажал  уақыты келгендердің (адам) жанын және ұйықыдағылардың  жанын  (сезімін) алады. Алла, өлім  мезгілі келгендердің жанын Өзінде (мәңгілікке) қаладырады да, Өлім мезгілі келмегендердің жанын (сезімін) денесіне жерге, ажал уақыты жеткенге дейін қайтарады» «Мүмин» с. 67-а: «Алла сендерді (аталарың Адам ә.с.)  балшықтан, (ұрпақтарын) ұрықтан, ұйыған қаннан жаратты, (ананың құрсағынан) бөбек етіп шығарды. Одан кейін кемел шаққа  жетесіңдер де қартаясыңдар, кейбірің жастай өмірден өтесіңдер. Адамзат әрқайсына белгіленген мерзімге дейін ғана өмір сүресіңдер. Сендер (Алланың құдыретін) түсінбейсіңдер» «Таһа» с. 55-а: «Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған (топыраққа) қайтарамыз да екіші рет содан  (топырақтан) шығарамыз (тірілтеміз)» Мәйітті жерлегенде «Біз сендерді әуелде топырақтан жараттық», «топыраққа қайтарамыз және топырақтан қайта шығарамыз» деп үш күрек топырақ салу – мұстахаф «Хадид» с. 20-а: «Жақсылап біліп алыңдар, бұл дүние ойын, көңіл көтеру, сәндену, бір-біріңді мақтау, дүние-мүлік, бала-шағаның санын арттыру мәселесінде бір-біріңмен жарыс қана. Дүниеге алданғандарға ақыретте қатты азап бар. Ақыретті таңдағандарға Аллаһтың кешірімі мен ырзалығы бар. Бұл өмір адамды алдандырған сағым ғана» «Ағла» с. 16-а: Сіз бұл өмірді қалайсыз, алайда ақырет өмірі одан да жақсы, әрі мәңгі» «Лұқман» с. 33-а: «Аллаһтың уәдесі – хақ. Байқаңдар, бұл өмір сіздерді арбамасын және шайтанда да Аллаһтың кешіріміне арқа сүйетіп, сізді алдап соқпасын» Пайғамбарымыз (с.ғ.у): «Ажал жетпей тұрып өлуге дайындал» (Тіршілігіңде ол дүниеге дайындал) (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001 Хадис. Алматы 1991 ж. 15-б.). «Ажал туралы жиі ойлаңыз, бұл өмір қызығының  қызуын басып тұрады», «Өлгеннен кейін барлық адам опық жейді. Жақсы адамдар көбірек жақсылық жасамағанына, ал жаман адамдар күнәлары үшін кешірім сұрамағандарына өкінеді» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001 Хадис. Алматы  1991 ж. 22,91-б.).  «Пайғамбарымыз  (с.ғ.у): «Өлген адамдар туралы көп мақтау айтуға тыйым салады» (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001 Хадис. Алматы 1991 ж.112-б.).    «Өлген адамға  тіл тигізбеңдер, өйткені олар о баста дайындап қойған жеріне жетті», «Өлген адамды тілдемеңдер, өйткені оларды сөгу – олардың көзі тірі туысқандарын жәбірлеу». (ҚМДБ «Желмая» ғылыми аударма орталығы. 1001 Хадис. Алматы 1991 ж. 114-б.). деген хадисті  дана Абай


Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,


Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.


Ертең өзің қайдасың, білемісің,


Өлмек үшін туыпсың ойла шырақ, деп түсіндіреді.


«Бақара» с. 34-а: «Біз періштелерге, Адамға (а.с.) сәжде етуді әмір еткенімізде, олар сәжде етті. Тек Ібіліс қана бас тартты, тәкаппарланды және кәпірлерден болды» «Ағраф» с. 12-а: (Аллаһ Ібілістен): «мен әмір еткенде, сені сәжде етуден не тыйды?» деп сұрағанда. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың» деп паңданғандықтан лағынетке ұшырады  «Лұқман» с.18-а: «Адамдарға паңданып қырын қарама және тәкаппарланып жүрме. Шынында Алла дандайсыған мақтаншақтарды сүймейді» аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Даңық-Аллаһтың-киімі. Тәккәпарлық шапаны. Аллаһ айтады: «Кімде-кім Мені мен осы нәрседе таласса оны азаптаймын». Тағыда Аллаһ айтады: «Менмендік-шапаным, Ұлылық-киімім. Кімде-кім осы екеуінің біреуіне байланысты Менімен таласса, оны тозаққа лақтырамын» (Әбу Сағид Әл-Худри мен Әбу Хурайрадан). «Көреалмаушылықтан сақ болыңдар. Өйткені, көреалмаушылық  адамның ізгі-сауап амалдарын от (ағаш)   отынды жандырып    жібергеніндей жоқ  етеді» (Әбу Дәуіт). «Сендерге отта болатындардан хабар берейін бе? Олар: «барлық дөрекі, сараң, және өркөкірек, тәккәпарлар» (Ибн Мәжәһ). Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) «Адам күнә жасағанда жүрегінде қара дақ пайда болады. Тәубе арқалы оны дереу өшірмесе, әлгі дақ жүрегінде сол күйі қалып қояды. (Н. Тағанұлы «Үміт сәулесі» 165-б.).  десе, Абай бабамыз


Ойға түстім, толғандым,


Өз мінімді қолға алдым.


Мінезіме көз салсам,


Тексеруге ойландым.


Өзіме өзім жақпадым,


Енді қайда сыя алам?


Қалап алған көп мінез,


Қалайша қылып тыя алам?


Бойдағы мінді санасам,


Тау тасынан аз емес.


Жүрегімді  байқасам,


Инедейін таза емес.


Аршып алып тастауға,


Апандағы саз емес.


Бәрі болды өзімнен,


Тәңірім салған наз емес.


Осынша ақымақ болғаным


Көрінгене қызықтым.


Ғаділеті жүректің,


Әділетін бұзыппын.


Ақыл менен білімнен


Әбден үміт үзіппін;


Айла менен амалды


Меруерттей тізіппін;


Жалмауыздай жалаңдап,


Ар ұяттан күсіппін,


Қулық пенен сұмдыққа


Құладындай ұшыппын;


«Сіз білесіз» дегенде


Күнге күйіп-пісіппін;


Мақтанбасқа мақтанып,


Деп жүріппін «пысықпын».


Мен боламын демеңдер,


Аяқты алшаң басқанға.


Екі көзің аларып,


Құр қарайсын аспанға.


Бір ғылымнан басқаның,


Бәрі де кесел асқанға.


Үйткен адам жолығар,


Кешікпей-ақ тосқанға, деп адам тәрбиесін күшейтуге, зиянды қылықтардан арылуға шақырады.


Қорыта айтқанда, ұлы ойшыл, дана Абай – Құран аяттары мен пайғамбар (с.а.а) хадистерін өзінің өлеңдері арқылы көпшілікке түсінікті тілмен жеткізе білген данышпан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу