18.11.2021
  606


Автор: Ауданбай Ахметжанұлы

Жезде мен балдыз әзілі

Жарұлланың келіншегі Мереке мен Мұхаметжан Тоқа руының    Күшікбайынан тараған ағайындылар. Жарұлла мен Мұхаметжан  жезде мен балдыз. Олар ораза намазын қаза қылмайтын діндарлар. Бірде мешітте намазда бірге болып батада қол жайғанда Жарұлланың алақандарын бірінің үстіне бірін қойып қол жайғанын байқаған Мұхаметжан: «Әй қожа, біреуге бірдемем шашылып шығын болады деген қорқыныштан алақандарыңды бірінің үстіне бірін қойасынба?» дегеніне Жарұлла: «Мен Алла аз берседе, көп берседе ырзашылық. Бергенін шашып төгіп алмай ие болайын деп, алақандарымды қабаттап жайамын. Сен сыяқты, Алла бергеніңнің үстіне беребер-беребер деп тойымсыздықпен қолымды құшағымда айқара ашып жаймаймын» дегеніне Мұхамметжан сөз қайтара алмапты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу