Өлеңдер ✍️

  18.11.2021
  473


Автор: Жібек Ысқақова

Жаса, жаса қазағымның нар тұлғасы!

Бір қазақтың баласы — Елбасымыз,
Елі үшін туылған, жері үшін.
Көшбасшымыз Елбасы жауап берер,
Әр қазақтың тәуелсіз демі үшін.

Жақсылықты жақсыға жалғайтын жан,
Бар жақсысын еліне арнайтын жан.
Астананы салдырып, Бәйтеректі,
Қыран құстай қанат жая самғайтын жан.

Түркістанды облыс етіп, түрлендірді,
Бір-ақ сәтте ғажайып күйге ендірді.
Түркістанды рухани Астана қып,
Үлкен құрмет, Түркістанға сый бергізді.

Жаса, жаса қазағымның нар тұлғасы,
Елбасы боп қазағымды жетелеген.
Назарбаев Нұрсұлтан аты әйгілі,
Қазақ жерін әуелетіп, тербелеген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу