Өлеңдер ✍️

  18.11.2021
  300


Автор: Жібек Ысқақова

Ел адамы — Нұрсұлтан Назарбаев

Ел адамы — Нұрсұлтан Назарбаев,
Әр қалаға өзіндік сәнін берген.
Ең алғашқы президент — Назарбаев,
Елімізге өмірдің мәнін берген.

Жақсылыққа жетелер— Назарбаев,
Алтын алқа еліне тағып берген.
Әрбір ісін нақты етіп — Назарбаев,
Шамнан шырақ жарық қып жағып берген.

Елдің қамын ойлаған — Назарбаев,
Халқы үшін шырылдап бозторғайдай.
Бар жақсысын арнаған — Назарбаев,
Елмен бірге Тәуелсіздік күнін тойлай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу