17.11.2021
  305


Автор: Жібек Ысқақова

Білімді басшы, білікті саясаткер

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев — біздің президентіміз, білімді басшы, білікті саясаткер. Дүние жүзі бойынша Қазақстан елінің екінші президенті ретінде тарихқа енген көшбасшымыз қарапайым отбасынан шыққан. Әкесі Кемел Тоқаев та, елі үшін қызмет етіп, халқына жақын адам болған. «Отан отбасынан басталады» демекші, Қасым-Жомарт Кемелұлының отбасы ұлттық қадір-қасиетін, салт-дәстүрін берік ұстанған. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей, әкесінің тәрбиесін көріп өскен президентіміз білікті елші бола білді. Саясаттың жілігін жіктеп, сол өмірдің сорпасында бірге қайнап, шыңдала түскен президент өмірдің қандай сыны болмасын мойыған емес. Қандай қиындықтар кезіксе да қасқая қарсы тұра білді. Жасынан өмір мектебінде шыңдалып, Елбасының қасында білікті, сенімді шәкірті болып, еліміз үшін қалтқысыз еңбек етті. Бірнеше тілді меңгеріп, өмір жолындағы әрбір заңғар белестерді өзінің еңбек сүйгіштігімен бағындырып, ең биік шыңына жетті. Әулет, ағайын-туыс мақтанышына айналған Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл күнде еліміздің, ұлтымыздың мақтанышы, көшбасшысына айналды.
Парасатты жан, әрбір істі аса жауапкершілікпен атқаратын, шет елдерде елші, дипломант болып, әрбір істің қыр-сырына қанық болып, тәжірибесін кеңейтіп, ұлт үшін, ел үшін абыроймен қызмет етіп, көптің көңілінен шыға білген президентімізге Алла ғұмырын ұзақ етсін дейміз.
Қазақ елімен бірге өсіп, көркейіп, қанатын кеңге жайған президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы расында да ұлт мақтанышы, оның әрбір басқан қадамы, әрбір жасаған қызметі мен өмір өткелдері ел алдында болды, әрбір белесі, жүрген жолы көз алдымызда болды десек қате айтқанымыз емес. Өйткені, ол нағыз ұлт жанашыры боп, нағыз еңбекқор, ел үшін қызмет ете білді. Осы отан сүйгіштік қасиеті мен еліне деген, отанына деген адалдығы, қарапайымдылығы биік шыңға жетеледі, еліміздің сенімін арттыра түсті. Елбасының ісін аса ұқыптылықпен жалғап, елдің сүйіспеншілігіне бөленіп отыр.
Саяси ғылымдардың доктыры, жүрегі қазақ деп соғатын, елдің, халықтың көңілін табатын президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз үстем боп, елімізді жақсылыққа бастап, амандықта жүре беріңіз дейміз. Сіздің өмір жолыңыз біздерге, өсіп келе жатқан жеткіншек, жас ұрпақтарға үлгі-өнеге деп білеміз. Жасай беріңіз, қазағымның білімді де білікті көшбасшысы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу