Өлеңдер ✍️

  17.11.2021
  233


Автор: Жібек Ысқақова

Біздің президент

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев,
Қазақстан мемлекет қайраткері.
Қайраткері қоғамның, жарқырап тұр,
Маңдай термен көрсеткен еңбектері.

Саясаткер, ғылымдар доктыры — ол,
Қазағымның заңғардай шоқтығы — ол.
Елі үшін еңбек еткен ерекше жан,
Жүзі жылы президент, шаттығы мол.

Қазағымның айнасы жарқыраған,
Сол айнадан бой түзеп келеміз біз.
Көшбасшымыз ортамызда болсын аман,
Президенттің соңынан ереміз біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу