Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  118


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Кеттің ұшып, қалдым жерде

Кеттің ұшып, қалдым жерде,
Сағынышқа салдың демде...
Сен – көктесің, мен – жердемін,
Сен – періште, мен – пендемін,
Жаутаңдаймын әркімдерге...
Кеттің ұшып, қалдым жерде,
Жаутаңдаймын әркімдерге.
Көкте кімге жолығарсың,
Жерді бірақ сағынарсың,
Тәлкектейді, тағдырға ерме!
Тағдырға ерме, тәлкек етер,
Сені мен ғой еркелетер.
Мүмкін жұрттың не демеуі,
Болма көктің көбелегі
Елтең етер, селтең етер.
Болма көктің көбелегі,
Өзге оттың не керегі?
Ессіз-түссіз бір сезімді,
Еске түсір бір сөзіңді,
Жеке...жеме-жемедегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу