Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  128


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Өмірде бәрі болады

Өмір ғой өмір, өмірде бәрі болады,
Өмір бойы адам өмірден тәлім алады.
Өзекті өртеп кімде-кім сүйе білмесе,
Тіршілік сырын тап басып танымағаны.
Өмір ғой өмір, өмірде алдау жүрмейді,
Алдырмайды өмір, алдануды өмір білмейді.
Өмірді алдау өзіңді алдау емес пе,
Өз-өзін алдап ешкім де өмір сүрмейді.
Өмір ғой өмір, өксітіп өкіндіргенмен,
Жылатып алып, жұбатып жетілдіргенмен,
Бір күні сыртын, бір күні бетін бергенмен,
Ығыңа жүріп, ықтиярыңа көнгенмен,
Ойнама бекер өмір дейтұғын мергенмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу