Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  166


Автор: Гульнази Назарова

Абайдың 150 жылдығы

Абайды білмейтін жан бар ма екен?
Ұлылығын мойындаған бүкіл әлем.
Ұлылардың Ұлысы деп атайды,
Құдіретті қара сөзді ерттеп мінген.

Мерей тойын атады ЮНЕСКО Жидебайда,
Қонақжай халық салды күшті осы тойға.
Мен де бардым тілмаш болып,
Алыс, шетелден келген, қонақтарға.

Тігілген киіз үйлер ақ шағаладай,
Бүкіл Қазақстан көрінеді тура алақандай,
Оралды ойыма ақынның өлеңдері,
Алты қанат ақ орда үй шайқалғандай.

Оңтүстік пен солтүстік,
Батыс пенен шығысым.
Көк туым мәңгі желбіреп,
Арта берсін ырысың.

Мақтанамын мен қазақ болғаныма,
Бас иемін данышпан, даналарға.
Жаса мәңгі қазағым мәңгі жаса!
Шексіз менің алғысым бабаларға.

Сүйсінемін өскелең ұрпағыма,
Кім кепілдік береді,
Гёте мен Шекспирдей кереметтер шықпасына.
Тілегім бар тілейтін жастарыма,
Болса деймін Абай мен Пушкиндей дара тұлға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу