Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  432


Автор: Гульнази Назарова

Желтоқсан

Қазақтың көтерілді жастары,
Тәуелсіздік еді аңсаған арманы.
Әндетіп, күмбірлетіп күй тартқан,
Бейбіт шеру көңілді басталды

Бас көтерген жастарға ашуланды,
Сол кездегі үкімет басы.
Аямай зорлықпен қорлады,
Таптап адамдық ар -намысты.

Ерлікпен қаншасы өтті өмірден,
Қуылып жұмыстан айқай- шумен,
Күндері қиындап, бастары қалды бәлеге,
Көтеріңкі көңілмен басталған шеруден.

Оқытушылар аяғын аңдап басты,
Білмейміз деп өз бастарын ала қашты.
Жазықсыз студенттер жапа шегіп
Оқудан, жатақханадан аластатылды.

Комсомол комитеті шақырды қатысқанды,
Ұзақ уақыт қорқытып, тергеді қыздарды.
Кімдер болды айт жаныңдағыны,
Неге бардың?Мақсатың не ?-деп жатты.

Бүкіл елді үрей биледі,
Кетпесем ілігіп деген ойда еді.
Ойламаған жерден ауыр ,
Қиыншылық заман келді.

Газетінде шет елдің жазылды,
"Наркомандар" деп жала жабылды.
Түсінбеді, қолдамады ешкімде,
Тәуелсіздікті аңсаған жастарды.

Жастарымның ұмытылмас ерен ерлігі,
Жеңіп шықты осындай қиындықты.
Тәуелсіз мемлекет атанып,
Әлемге танымал болып отыр енді.

Мен- тәуелсізбін,егеменмін,
Жеттік біз ерлігімен ержүректердің.
Өсіп жатқан ұрпаққа ұран салып,
Тәуелсіздік туын биік көтер деймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу