Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  135


Автор: Гульнази Назарова

Әріп ақын

Абайдың шәкірті Әріп ақын,
Әділдікпен ағайынға болған жақын.
Дарыны мен өнеріне ел сүйсініп,
Таңқалдырған талантымен талай халқын.

Бір атадан он жеті ақын шыққан,
Қазақтың даласына аты шыққан.
Мақтаныш пен мадақтап айтар ұрпақ,
Әріп ақын аңыз боп мәңгі қалған.

Жетті ғой біздерге " Біржан - Сара" айтысы
Айтыс- ауыз екі әдебиеттің бір түрі.
Айтыскердің бейнелі сөз мәйегін,
Шешендік пен шеберлікпен жеткізді.

Абайға еліктеген өлеңімен,
Ұлы ақын шәкіртіне тәлім берген.
"Евгений Онегин" поэмасын аударып,
Қалдырды жас өркенге өсіп -өнген.

Абайға өлеңімен болған таяу,
Болсын деп қазағымның көкірегі ояу.
Білімге шақырады қалың жұртты,
Қалма деп жастарыма білімсіз жаяу.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу