Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  127


Автор: Гульнази Назарова

Арман

Армандау керек адамға,
Шек жетпейді арманға.
Ұйқысыз таңдарды атқызып,
Армандаумен өтер уақыт талайда.
Адамға керек екен биік армандар,
Өмірді соған арнаңдар.
Армансыз адам тұл жетім,
Армандауды ешқашан да қоймаңдар.
Армандар адамды биікке жетелейді,
Талпынып арманға жетсем дейді.
Қиялға беріліп армандаған,
Үлкен -үлкен табыстарға ол жетеді.
Армандар, армандар, армандар,
Биікке ұшып самғаңдар.
Қиялдың мініп боз атына,
Армандаудан талмаңдар.
Арманды мақсат етіп қойғың алға,
Еңбек ет , білім ал адал жолда.
Ұмтыл сен, талпын алға,
Үміт үзбе, еш шаршама.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу