Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  128


Автор: Гульнази Назарова

Қара өлең

Қазақтың қара өлеңі,
Көңілімді бөледі.
Жазбайын десем де,
Жүрегім тарта береді.

Біреулер көңілденсе ,ән салады,
Біреулер көңілденсе жыр айтады.
Ал мен көңілденсем де, күңіренсем де,
Жүрегім өлең жаз деп тұрады.

Өлеңменен өзімді жұбатамын,
Өлеңнен өзіме күш аламын.
Анамнан дарыған бұл талантқа,
Бар жігерімді саламын.

Жазған сайын жолдарына көз салам,
Айтылмаған сырларымда жоқ саған,
Өлең, өлең қандай жалын,ыстық ең!
Жандырады, күйдіреді сенен шыққан ыстық дем.

Құдіретіңнен айналайын қара өлең,
Мойындағым келмесе де, алдыңда мен бас ием.
Бойымды бір тылсым күш түртеді,
Енді мынаны айт, мынаны жаз деп кезекпенен күтеді.

Мүмкін мен ақындардың қатарынан емеспін,
Бірақ солардың соңдарынан ілестім.
Түйдек ойлар маза бермей оятар,
Нені айтып, нені жазсам деген де емеспін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу