Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  130


Автор: Гульнази Назарова

Көңіл

Көңіл деген керемет қой көтерілсе,
Асып-тасып жатады жақсы көрсе,
Бәрі жақын бәрі дос адал болса,
Жақсылықпен өзіңе көңіл бөлсе.

Көңіл деген төкпе жорға,
Алға шауып кетеді.
Жете алмайсың қусаңда,
Түбі терең көл еді.

Көңіл деген аққайнар,
Жан-жағына шашырар.
Ақкөңілді адамға,
Үлкен-кіші бас ұрар.

Көңіл деген қалмасын,
Өмірлерді жалғасын.
Сағынышпен іздеңдер,
Қанаттарың талмасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу