Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  270


Автор: Гульнази Назарова

Жадыра жаным

Жадырашы жан дүнием –ай,
Көктемдегі күн нұрындай.
Әнін тыңдап құстардың,
Жүргендей бау-бақшада-ай.

Жадыра жан жүрегім,
Қаяу түсірмеуге тырысып мен жүремін.
Денедегі моторсың сен тоқтама,
Сенсің менің тірегім.

Жадыра сен көңілім,
Шаттық пен қуанышта болсын әр күнім.
Сезінгің керемет ғаламатты,
Мейірімді күн көзіндей шапағатты.

Жадырайын көктемдей мен өзім,
Еске түссін бал дәурен бала кезім.
Кең дала да асыр сап ойнаған,
Таза, мөлдір таңғы шықтай сол сезім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу