Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  146


Автор: Гульнази Назарова

Арманым қолыма қонасың ба?


Армандаумен атты талай таңдар,
Самғады қиялменен ғажап ойлар.
Ұшы жоқ, қиыры жоқ шексіз дүние.
Алыстан қол бұлғайды сағымдар.

Бірінде кездеседі биік таулар,
Бірінде кездеседі құзды шыңдар.
Жетегінде жетсем деген осыларға,
Қалықтап ұшып барады ақ армандар.

Үмітім алданбашы,үзілмеші,
Бірінде аралайды бау-бақшаны,
Жасырынып тұрғандай көрінеді.
Деп жатқандай сыбырлап, тапшы мені.

Жар тастарда жүгіремін жалаң аяқ,
Алаңдаймын қалмады ма артта деп, қарап.
Сезінбеймін ауырғанын тікен кіріп,
Жетсем деймін арманыма қуып жетіп.

Бірде жүргендеймін нөсер жауын арасында,
Арманым қолыма қонасың ба?
Алаңдап талай таңды атырдым мен,
«Арман» атты қиялдың қаласында.

Бірде жүргендеймін асау толқын арасында,
Сан сұрақтар жанымды жеп мазаласа.
Қорқынышпен таң атқызам кейбір кезде.
Деп Арманым осы толқын арасында қалады ма?

Кездесемін мен онымен ну, орманда,
Құшақтасамын досымдай мен сырласа.
Жеткізбейсің неге сен? - деп сұраймын,
Әлде бұл тойымсыз қызыл мен сары ма?

Кейде алдымнан шығады жарқырап,
Арманға жол сілтейді шартарап.
Әлемді кезіп іздеп жүрсем,
Қолымда екен ғой бұл ғажап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу