Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  139


Автор: Гульнази Назарова

Махаббат- дастан

Махаббат – дастан,
Талай жандар жырлаған.
Ақындар мен сазгерлер ,
Үзілместей жыр жазған.

Махаббат – дастан,
Ғашықтың жыры жалғасқан.
Екі жүрек табысып,
Айлы түнде сырласқан.

Үзілмесін бұл арман.
Жабырқаумен мұңдасқан,
Тоғытады бір жолға,
Жандарды да адасқан.

Махаббат деген бұл сезім,
Ешқашанда өшпесін,
Қиялменен қанаттан,
Бақытты күтіп алдан.

Махаббат бұл бір дастан,
Жыр ғой ол аяқталмаған.
Талай жандар қауышқан,
Бақыт құшағында ән салған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу