Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  152


Автор: Гульнази Назарова

Ей, дүние

Ей, дүние, сен сағымсың жеткізбейтін,
Талайы қызығыңды көрсем дейтін,
Кейбірі қол бұлғап шақырады,
Әйтсе де, кез-келгенге кезікпейсің.

Ей, дүние, сен қызылсың қызығатын,
Емессің бәріне бірдей бұйыратын.
Біреуге беріп бәрін көтересің,
Біреулер жете алмай сан жылайтын.

Ей, дүние, болдың сен қымбат неге?
Сенсіз бұл өмірдің мәні неде?
Сүйгеніне қарамаған сұлудайсың,
Жабысасың біреулер қадіріңді білмесе де.

Ей, дүние, сенсіз өмір неге өзгеше,
Сенбедің сәнін келтіретін ендеше.
Тарқ еттім әлемнің бәрін саған,-дер едім,
Тәкәппар дүние алдымнан кездессе.

Ей, дүние, не дер едің жан бітсе,
Алдыңа пендең келіп сөйлессе.
Дер ме едің, кінәні менен іздеме,
Семіздікті көтереді қой ғана
Надандығы оның да кеудесіне нан піссе.

Ей, дүние, жалған өмір,
Дүние үшін қалмасын көңіл.
Сіз, біз десіп сыйласып,
Жүрейік сезініп жеңіл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу