Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  146


Автор: Гульнази Назарова

Жүйрік ой


Келемін өмір атты мен қайықта,
Ойлармен арпаласып жалғыздықта.
Армандарға шарықтап жетсем деген,
Кейде биік таулардамын, кейде аласа.

Асау толқын соғады жағаға,
Мені сен әкелдің енді қайда?
Жұмбақ әлем таныс емес,
Қараймын мен таңырқай жан жағыма.

Мен білмеймін айтарым бар ма, жоқ па?
Жиналған алдымдағы дүйім жұртқа.
Елеспен кетіп барады ойлар кезіп,
Тоя алмаймын шіркін, өмір қызығыңа.

Ой дегенің жүйрік қой шегі жоқ па?
Батырады бірде терең шыңырауға.
Бір серпіліп алдыға ұмтыласың,
Бірде құлап, жерсің сен таяғында.
Ойларменен алыстап кетіп барамын мен,
Бұрқасын, алай-дүлей толқындармен.
Жол тауып өтіп кеткім келіп тұр ғой,
Бағынбас шәлкес толқын арасымен.

Отырмын Арман деген кемеде мен,
Келемін алға қойған мақсатпенен.
Жетуге асығамын неге сонша?
Бәрі де орындалар өз орнымен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу