Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  128


Автор: Гульнази Назарова

Ертегілер

Ертегілер балалықтың тәтті дәмі
Болса ғой өмірде ертегідей бәрі.
Адамдар қайғы- мұң көрмесе,
Жас пен кәрі де өлмесе,
Қиялға толы қызық өмір,
Ешқашан да үзілмесе.
Ертегідей бәрі бақытты болса,
Тіршілік қызыққа толса.
Алтын балық жағада жатса,
Адамның бар арманы орындалса.
Алынбайтын қамалдар болмаса,
Бейбітшілік жер бетінде орнаса.
Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған,
Молшылық , тоқшылық заман болса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу