Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  130


Автор: Гульнази Назарова

Жүрек

Ауырады жүрек, ауырады,
Бір өзіңе түседі тіршіліктің бар салмағы.
Қуаныш пен қайғыны бөлісетін,
Ауыр жүкті көтеретін нардай мықты.

Ауырады жүрек, ауырады,
Маңдайға жазылғаны сол болады.
Күтеміз, болжаймыз жақсылықты,
Әйтседе құдайдың дегені сол болады.

Ауырады жүрек ауырады.
Тамырлы жүрек бәріне шыдап, бақты.
Болса дейміз жеңілі мен тәттісі,
Өмірдің бар ауыры мен ащысы.

Ауырмашы жүрегім ауырмашы,
Тілеймін мен саған тек бақты.
Аналық сезіммен ризамын,
Тек болшы бақытты, бақытты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу