Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  327


Автор: Гульнази Назарова

Жылы сөз

Жылы сөз жанды жылытар,
Бойды тербеп, қуанып , сүйіп тыңдар
Жылан екеш жыланда қадірлейді
Жылы- жылы сөйлесең, іннен шығар.

Деп айтпаған қазағым мұны босқа
Жүрекке жақын жақсы сөз ойлағанға.
Ұшырады , түңілтеді бір ауыз сөз,
Жағымды да, ауыр тиер ол құлаққа.

Адуындылық, бетпақтық мінез емес.
Беттен алып, төске шапқан мақтаныш емес.
Кімді ренжіттім, кімді қуанттым деп ойлансаң,
Жамандық пен өр көкіректік қайта келмес.

Қазақ деген халықпыз ұлағатты,
Мән береміз тәрбиеге аса қатты.
Ұлы халық үлгі етеді бабаларды
Шақырады ибалыққа жас ұрпақты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу