Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  138


Автор: Гульнази Назарова

Уақыт

Уақытша ғой бұл күнде,
Қадіріңді білгенге.
Сыйластыққа не жетсін,
Сіз, біз десіп жүргенге.

Уақытша ғой бұл күнде,
Мәңгілік жоқ ештеңе,
Арман қойып алдыға,
Асығамыз бәріне де жетуге.

Бітпестей көрінеді бәрімізге.
Істеріміз бұл тіршілікте.
Ойланбайтын жандарды
Теңеген ғой шегірткеге.

Кетпестей жүреміз біз жер бетінде,
Уақыттың өзі дағы уақытша ғой,
Адамдар қонақ қой бір - біріне
Өкпе - наз неге керек түсінгенге.

Сынақ қой бұл өмірде,
Жақсылық жасауға тырысайық,
Ойланбастан қолдан келсе,
Уақыт деген қысқа ғой ол білгенге




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу