Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  217


Автор: Гульнази Назарова

Гүлдер

Гүлдер, гүлдер көп гүлдер,
Қандай сұлу көпсіңдер.
Тербелесің жай ғана
Желмен бірге шайқала.
Өсіңдерші жайқала.
Гүлім, гүлім, гүлімсің,
Қандай әсем,сұлусың.
Гүлді қызға теңесем
Қателестім демес ем.
Алуан түрлі көп гүлдер,
Неткен ғажап, көркем едіңдер.
Қайсысын алсам деп таңдасам,
Құлағыма келеді бір үндер,
Табиғаттың сыйы бізге бұл гүлдер,
Баптап оны үзбей, жақсылап күтіңдер




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу