Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  127


Автор: Гульнази Назарова

Қарлығашым

Балалықтың бал дәурені есімде,
Көрші тұрды қарт адамдар біздерге.
Саз балшықты шағын ғана үй еді,
Жылда келіп қарлығаш сонда қонады.
Ауыз үйден өзіне ұя салады.
Күтуші едік бар балалар көктемде,
Шуылдасып, қуанып бір қалушы ек,
Балапанын ұядағы көргенде.
Айналасы биік,заңғар үйлер еді,
Әйтседағы сол үйлерге кірмес еді,
Кішкентай ғана осы үйді таңдаған.
Өсіріп, ұшыруға балаларын қамданған,
Сол кездегі шуылдақтар өсті,есейді.
Қарлығашта енді қайтып келмейді,
Қайда кеттің, қайда кеттің, қарлығашым?
Сездің бе адамдардың ниетінің бұзылғанын.
Ұя салам деп ,қанша талпынсаңда,
Ашпайды- ау есігінің құлыптарын.
Қайда жүрсің,қайда жүрсің қарлығашым?
Мен сені іздеп аңсаймын, сағынамын.
Бір сәтке балалыққа барсам қайтып,
Өзіңмен қуанысып,қауышатын.
Неге, неге оралмайсың қарлығашым?
Адамдардан көңілің қалды ма шын.
Күтуменен өтті ғой жарты ғасыр,
Кездестірсем өзіңді алақанға сап,аялармын.
Шіркін –ай, сол кездерді сағынамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу