Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  133


Автор: Гульнази Назарова

Өлең

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Бәлелікті қуалап термек үшін,
Түсінгендер түсінер мені сірә,
Түсінбесе дауым жоқ өзі білсін.

Шабыт келсе орныңда тұра алмассың,
Түн ортасы, ертең дей алмассың.
Өрекбіген көңілді, қия алмассың
Ойға келген дүниеңді, тия алмассың.

Жаз, жаз тағы , тағы жаз деймін қаламыма,
Деп біреу сыбырлайды құлағыма.
Әлде көңіл лепілдеп тұрады ма?
Түсім емес өңім ғой, өңім ғой бұл
Ал қолыңа қаламды сен, тоқтама.
Тіліп түссін өткір ой , тілдей тура.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу