Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  133


Автор: Гульнази Назарова

Елік-ай


Таңға жуық бір түс көрді
Әлем жаңарып, өзгерді.
Жасыл кілем,көк майса
Дала ғажап құлпырды.
Көп жыл бұрынғы іс еді,
Жоғалған сұлу торы жылқы еді,
Тас қорада қамалған сәйгүлікті,
Атасы мен немере көп іздеді.
Табыларын қарт жүрегі сезеді,
Дамыл алмай ел-жұртты ол кезеді.
Елік-ай,Елік-ай деп айқайлап,
Сол бір жерге желдей есіп жетеді.
Даусын танып иесінің сәйгүлікте,
Мен мұндалап дауыс берді ,кісінеді.
Елік-айды алып шығып бір әйел,
Қарт адамның қолына әкеп ұстатты.
Ата менен бала қатты қуанды.
Жақсылыққа жорып оны,
Түс иесі өзін-өзі жұбатты
Қартта өткен өкінішпен өмірден,
Кетіре алмай сәйгүлікті көңілден.
30 жылдай табылмаған Елік-ай,
Табылды ол түсінде Қалбалық өңірден




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу