Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  8524


Автор: Гульнази Назарова

Немерем

Айналайын құлыншағым немерем,
Сені ойласам қуанышқа кенелем.
Балдай тәтті үрпиген сол түріңді
Еш нәрсеге, еш қашанда теңемейім.

Сөз жоқ саған теңейтін бұл ғаламда
Сен артықсың бәрін бір -ақ алғанда.
Тәп-тәттісің, сүйкімдісің Сымбатым
Сені ойласам мына әлемге сыймадым.

Немерем өмірімнің жалғасы,
Сен ғанасың тіршіліктің мағынасы.
Соғады сен деп жүрегім,
Тілеуіңді тілеп жүремін.

Былдыраған тіліңнен мен айналдым
Құтты болсын тәй-тәй басқан қадамың.
Бағын берсін ,жолын берсін
Ұлылардың ұлысы Шекспир мен Абайдың.

Көбейсін немерелер
Көрейік шөберелер.
Шықсын данышпан
Гетедей кереметтер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу