Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  143


Автор: Гульнази Назарова

Өмір

Өмірдің көбі кетіп азы қалды,
Сынағына салады шіркін қатты.
Шыдамды бол, тек шыдамды,
Тағдыр бірақ ешкімді аямайды.

Өмір деген өте қызық,
Өмір – думан, мереке.
Керегіңді сатып алар,
Сары-жасыл түсті «жәрмеңке.»

Артыңа көп қарайсың,
Өткенді бір саралайсың.
Сабақ алып барлығынан,
Електеп көп ойлайсың.

Өмір өтер із қалады артыңда,
Жақсылықта көңіл көтер, жадыра,
Қызығын көріп балалардың,
Жас күніңдей ойна да күл, тартынба.

Қартайғанға қуан қайта, ренжіме,
Ата- баба артынан ілескенге.
Жетпей кетті ау, армандап осы жасқа,
Тек таңдаулылар қалады екен қарттыққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу