Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  105


Автор: Гульнази Назарова

Мен кешіргенмін

Мен кешіргенмін барлығыңды,
Жасаған әрбір жамандықты.
Қалсада көңілде іздері,
Ұмытуға тырысамын мен енді.

Жақсы мен жаман арпаласты,
Іздемеймін мен кінәліні.
Болғанға тәңірім өзі куә,
Көтерер әркім де күнәні.

Жүрек құрғыр сездірмей жыласа да,
Жүремін мен жымиып ақырын ғана.
Кешірудің өзі де сауап екен,
Кеудешіл, көкірек жандарға.

Мен кешіргенмін өткен істі,
Айтылған сөз оқтан күшті.
Әйтседе орны қалар көңілде,
Ойлама жеңдім деп, сен бәрінен мықты.

Кешірудің өзі де кішілік пе?
Түсінбейсің сен бойыңда тұрғанда кісілікте.
Кешіру, кешірім сұрау,
Жаныңның жаңа бір серпілісі емес пе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу