Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  140


Автор: Гульнази Назарова

Мен кіммін?

Мен кіммін?
Мен орнымды таптым ба, таппадым ба?
Кетіп барам өмір атты қайықта.
Бірде тыныш, бірде дауыл,
Толқын мені лақтырады жағаға.

Мен кіммін ?
Жүрегі жұмсақ мұғаліммін.
Аямадым күш жігерімді халықтың баласы үшін.
Бала деген періште ғой ақ ниет,
Жылы жүрек төрінен сол балаға берген орын.

Мен кіммін?
Бала өсіріп, немере жетектеген анамын.
Кірген тікен аяғына, кірсін менің маңдайыма дегенім.
Жағдайларын жасауға тырысамын,
Қарлығаштай қорғаштаған баласын.

Мен кіммін?
Ер адамды сыйлаған адал жармын,
Кешірген талай оңды –солды қадамдарын.
«Құдайдан кейінгі табынушым» дейді екен ,
Данышпан ағылшындар отағасын.

Мен кіммін?
Төрге шығып отырған құдағимын,
Балалардың арқасында мен сыйлымын.
Қазақ осы құдаларын құдайдай сыйлайтын,
Аман болсын мың жылдық құдаларым.

Мен кіммін?
Мен күйеу балалардың тёщасымын,
«Тёщин язык» салатын құдалардан жеп қайтамын.
Екі балам көзімнің ағы мен қарасысың,
Сендер бір төбе мен үшін, қыздарым сендер таласпағың .

Мен кіммін?
Адал жақсы аналардың құрбысымын,
Кейбіреуге жақсы істердің үлгісімін.
Сырымыз да, жырымыз да бітпейтін,
Дос үшін жүгіретін мен күштімін.

Мен кіммін?
Ұжымдағы кейде еленіп, кейде еленбейтін бір кісімін,
Ашулансам тарта алмаймын асау аттың тізгінін.
Кейбіреулер қаймығады жаман деп,
Тілеуімді тілейтін бар болсын аман деп.

Мен кіммін?
Орын беремін төбемнен бауырларға,
Сәттілік серігі боп әрқашанда,
Жолы болсын деп тілеймін жатса, тұрса.
Бір анадан туылған жақындарға.

Мен кіммін?
Мен де бір әулиеттің келінімін.
Үлкенге –құрмет, кішіге ізет көрсететін.
Әдептілік әрінен аспайтын,
Қызды төрге отырғызып баптайтын.

Мен кіммін?
Ата -баба артынан ілестім,
Қазақ елін мақтанышпен жыр еттім.
Өссін, өнсін халқым деп,
Бейбіт өмір, молшылықты тіледім.

Мен орнымды таптым ба, таппадым ба?
Кетіп барам өмір атты қайықта.
Тоқтамасын жүзе бергің дегім келеді,
Елім –жұртым,балаларым болса қасымда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу