Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  137


Автор: Гульнази Назарова

Жабырқама көңілім

Жабырқама, көңілім, жабырқама,
Әйтседе сен жақынсың жаныма.
Шарықтап кетсем де бар әлемді,
Сені іздеп қараймын жан –жағыма.

Біреуге біреу күлетін бұл заман ба?
Бағынасың тағдырдың салғанына.
Күндіз, түні ойлансаң да ,
Қолдан келер шара бар ма?


Қоянды қамыс, адамды намыс өлтіреді,
Деген сөз бар қазағымда.
Оңай ғой бәрі де айтуға,
Түсінбейді - ау, адамдар келмей басқа.

Жабырқама көңілім, жабырқама,
Көңіл бөлме ешкімге қанша айтса да.
Уақыт –емші өтер де, кетер бәрі,
Түсірмегің қане көтер еңсеңді.

Басталғанмен бұл істің басы қатты,
Аяқталсын бәрінің арты тәтті,
Сүйінші мен шашулар төгіле берсін,
Адам үшін дүние деген өте тәтті.

Уақыт, уақыт тоқтамайды,
Жүгіріп өтіп зымырайды.
Бүгінгі күн қайта келмес,
Бәрі бұрынғыдай бола алмайды.

Жабырқама көңілім,жабырқама,
Арман деген Эверестей биік шың ба?
Біреу жетіп, біреулер жете алмайтын,
Бағындыруға әрбірі тырысса да.

Қанағатта керек шығар адамға.
Тойымсыздық үлкен күнә.
Шүкір деймін бұл жалғанға,
Біреу жетіп, біреулер жете алмаған,
мен жүрген ұзақ соқпақтарға.

Қараймын ойланып жан жағыма,
Тәубаға кел деймін әрбір жанға.
Өтіп жатыр маңдайға жазғанда,
Қарсы тұру жазмышқа бұл дұрыс па?

Жабырқама көңілім, жабырқама,
Әр адамның өмірі бір -бір дастан.
Мүмкіндік берген негізгі кейіпкері болуға,
Ризамын мен тағдырыма.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу