Өлеңдер ✍️

  15.11.2021
  140


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Отанды сүю, өзіңді сүю – бір ұғым

Отанды сүю, өзіңді сүю – бір ұғым,
Отаннан тарар
тамырың менен түбірің.
Отаның сонда жүрегің болып шықпай ма,
Өзіңнен артық кім білмек жүрек дірілін?..
Отаның, демек, өзіңнің кұйттай жүрегің,
Жүрегің қақса, сенің де заңды жүдеуің.
Жарыла жүрек, қуанар кезің болса да,
Қабынып жүрек, қорқа көрмесін – тілеуім.
Қуану, қорқу тұрар ма бірақ алмаспай,
Отаның – анаң, төзіміне адам нанбастай.
Ауырса анаң, таба алсаң емін болғаны –
Еш жақтан сондай балгер де іздеп, бал да ашпай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу