Өлеңдер ✍️

  15.11.2021
  226


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Мақаншы мәнерлері

(Қабдеш Жұмәділовке)
Таулардың тарланы екен Тарбағатай,
Мінезі маң-маң екен Тарбағатай,
Қолаты қорған екен Тарбағатай,
Пай-пай, пай, оң қанаты-ай, сол қанаты-ай!
Тұрқына тұғыры сай Тарбағатай,
Тұрпатқа ғұмыры сай Тарбағатай,
Ызғарға жылуы сай Тарбағатай,
Пай-пай, пай, Ебі желі емге қат-ай!
Шыңдары қиыр-шиыр Тарбағатай,
Шежіре ию-қию Тарбағатай,
Асуың қиын-қиын...асу қиын,
Тағдырын түсіндім ғой енді, ағатай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу