Өлеңдер ✍️

  14.11.2021
  378


Автор: Жандарбек Бұлғақов

Қазағым

Тай сойса да келмейтін тарта жегің,
Қазағым, момын едің, дархан едің.
Қонаққа жалғыз атты сойып беріп,
Жүген ұстап қалатын мəрт-ақ едің.
Тоқпақ жілік кеміріп тоқшылықта,
Май кекіріп, қазы мен қарта жедің.
Заман түлкі болған соң, тазы болып,
Жаһанға сай өзгерді жарты əлемің.
Қалтасы толған сайын қайыршы боп,
Қарынбайдай көбейді-ау қалталы ерің.
Жер сатып, жетім сатып, жесір сатып,
Санаңа тоқып алдың сарт əдебін.
Қасапшыдай шешесіне сүйек сатқан,
Саудадан кеңіп-ақ тұр арқа-белің.
Армысың, байлық іздеп шарқ ұратын,
Шағалалар көбейген, шалқар елім.
Аспанда ақша бар деп айта қалсаң,
Баспалдақ іздеп кетер, аңқау елім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу