12.11.2021
  861


Автор: Жібек Ысқақова

Тәуелсіздікке 30 жылдығы бойынша эссе

      Менің Отаным, Тәуелсіз Қазақстан! Ата-бабаларымыз аңсаған, көптеген ақын, жазушы, батырларымыз аңсап өткен — Тәуелсіз Қазақстаным! Кешегі желтоқсаншы жастардың өр мінез, қайсарлықтарының арқасында бодандықтан арылып, есігін ашқан — Тәуелсіз Қазақстаным! Өзінің кеңпейілділігін көрсете білген, қонақжайлығымен ерекшеленіп, елімізде тұратын басқа да ұлт өкілдеріне құшақ жая ынтымақ пен бірлікте араласып, өзінің жомарттығын көрсетіп, көптеген биік асуларды бағындырып үлгерген тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толып отырған ел, ол менің — Тәуелсіз Қазақстаным! Тәуелсіздік алған осы 30 жыл ішінде еліміз көркейіп, дараланып, өзінің ерекше құндылықтарын бүкіл әлемге көрсете білді. Көптеген халықаралық олимпиадаларға қатысып шахматтан, спорттың түр-түрінен алдыңғы қатардан көрініп, әнұранымыз шырқалып, көк туымыз биікке көтерілді. Бұның бәрі тәуелсіздіктің арқасы деп білемін. Елімізді әлем жұрты танып, білді, шетелдерде болып жатқан қақтығыстардан тынышпыз, аулақпыз, бұл әрине ел тыныштығын сақтап отырған, еліміздің көркеюінің жолында аянбай еңбек етіп, еліміздің 30 жылға жуық президенті болған, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Елбасының арқасы деп білемін. Атырау, Алтай арасында кең байтақ жерде кер маралдай керіліп жатқан қазақ елін мақтан етем, осындай ғажайып елде туғаныма , ғажайып жерде тұрғаныма, қазақ болып туғаныма өте қуаныштымын! Мен елімді сүйемін, мен жерімді сүйемін! Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын, қазақ елі! Еліміздің көк туы көк аспанда желбіреп, әнұранымыз әуелете шырқала берсін! Менің елім, Отаным, Тәуелсіз Қазақстаным! Тәуелсіздігің тұғырлы боп, азаттығың мәңгілік болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу