Өлеңдер ✍️

  11.11.2021
  166


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Атақ

Баяғыда көп қазақ Мекке барған,
Шығындалған, шашылған, көп тоналған.
Байлық шашып қажылық атақ алған,
Атақ болған ақылы жеткен арман.
Қол тапсырып, иіліп, хатым етіп,
Айырбасқа мал-мүлік, заты кетіп,
Атақ алып қайтыпты, дүйім елдің
Байлығы мен атағын сатып өтіп.
Қажы болып басына сәлде салып,
Сәл қартайып келді ме, сәл жасарып?
Келді ме әлде атаққа сәл масайып,
Келді ме әлде ақылға сауда салып?
Келді ме әлде Меккесіз пана жоқ деп,
Дін бар жерде жазғыру, жала жоқ деп.
Келді ме әлде Меккеден басы айналып,
Бар шашқаны бақ-дәулет, қаражат боп.
Ол арасын біз қазір білмейміз ғой,
Басты улаған бір пәле дін дейміз ғой.
Атақ болса жеткен жер ақылымыз,
Дінге сенген дүмшемен бірдейміз ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу